БҚО-да бұрынғы әйелін қызғаныштан 19 рет пышақтаған адамға үкім шықты
Фото: Pixabay
Биыл 27 мамырда Теректі ауданының Шаған кентінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтады. Ауыр жарақат алған әйел жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыскердің тағдырын алқабилер шешті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта айтылғандай, 32 жастағы Сырымбек Сайлауов бұрынғы әйелі мен балалары тұрып жатқан үйге келген. Үйде әйелдің туған інісі болады. Ер адамның қызғанышы оянып, әйеліне 19 рет пышақ салып, оның інісін 2 рет басынан ұрады.
Сот-медициналық психиатриялық сараптама Сайлауов қылмыс кезінде аффект күйінде болмаған деген қорытынды шығарған. Алайда сотталушының адвокаты Жомарт Ерназаров бұл шешіммен келіспейді.
«Бұл өте ауыр жағдай. Ол өз әйелін туған інісімен бірге жатқанын көрді. Бұл екі жақты сатқындық. Біз оның аффект жағдайында болғанын айтып отырмыз. Менің қорғауымдағы азамат тек қазақ тілінде сөйлейді. Ал сараптама оған аудармашысыз орыс тілінде жүргізілген», — деді сотталушының адвокаты.
Марқұмның әпкесі сотта сөйлеп, айыпталушыға ең қатаң жаза беруді сұрады. Ал Сырымбек Сайлауов істеген ісіне өкінетінін айтты.
Прокурор соттан Сайлауовты ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді және кісі өлтіруге оқталды деген баптар бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ 30 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп беруді сұрады.
30 қазанда үкім жарияланды. Алқабилер ер адамға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ Сайлауов бұрынғы әйелінің туыстарына 10 миллион теңге моральдық залал төлеуге тиіс.
Сайлауов үкіммен келіспейді. Ол алқабилер құрамында негізінен әйелдер болғанын және олар жағдайға біржақты қарағанын атап өтті. Сотталушы үкімге шағымдануға ниетті.
Айта кетейік, Петропавлда такси жүргуізшісін темекі үшін өлтірген адам сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық