Петропавлда такси жүргуізшісін темекі үшін өлтірген адам сотталды
Фото: freepik.com
Петропавл қаласында такси жүргізушісін өлтірген жолаушы 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
39 жастағы Виталий Глушков 8 маусым күні достарымен бірге Троица мерекесін атап өткен. Екі бөтелке арақ ішіп, Есіл өзенінің жағасында демалған соң, масайған ер адамдар такси шақырған. Шақыртуға 60 жастағы жүргізуші Андрей Белоконенко келіпті. Такси жүргізуші мен мас ер адамдар арасында шылым шегу мәселесіне байланысты жанжал туындаған.
Сотта Глушковтың досы куәгер ретінде болған оқиғаны айтып берді. Ол жүргізушімен есептескен соң бірден көліктен шыққан. Ал Глушков көлікте қалып, шылым шеккен. Жүргізуші оған көлік ішінде шылым шекпеуді айтып, сыртқа шығуды талап еткен. Алайда Глушков дөрекі мінез көрсетіп, көліктен атып шығып, жүргізушіге бірнеше рет соққы жасаған. Белоконенко жерге құлап түскеніне қарамастан Глушков соққысын тоқтатпаған. Жүргізуші ес-түссіз қалған кезде Глушков оқиға орнынан қашып кеткен.
Андрей Белоконенко бес күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.
Айта кетейік, Түркістан облысында газ жарылып, тұрғындар зардап шекті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық