«Бізге ашық сот керек»: Темірлан Еңсебектің соты тағы дауға ұласты
Фото: vlast.kz
QazNews сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот отырысы бүгін де жалғасты. Наурызбай аудандық сотында өткен тыңдауда тағы да шу шықты. Белсенділер не үшін жиналды? Темірланның сүйіктісін полиция не себепті алып кетті? Orda.kz тілшісі сот залынан тікелей бақылап, болған жайттарды баяндайды.
Cотта не болды?
Сот барысында Темірлан адвокатымен сөйлесуге рұқсат сұрағанымен, судья бас тартты. Темірлан соттың жалғасы бүгін болатынын өзі білмеген. 9 сәуір күні оның ұялы байланыс желісі дұрыс ұстамаған соң, бұл туралы естімей қалған. Ол соттың болатынын небәрі 10 минут қалғанда білген. Бірақ бүгінгі сотта да Темірлан байланыс нашар болған соң, отырыстың қалай өткенін дұрыс естімеді.
Кейін Темірлан Еңсебектен прокурор Дидар Сқабаев жауап алды. Ол одан QazNews24 паблигін кім жүргізетінін сұрады. Жауап ретінде Темірлан тек өзі ғана жүргізетінін, өзінен басқа ешкім кіре алмайтынын түсіндірді.
Прокурор одан не үшін бұл әнді таңдағанын сұрағанда, Темірлан әуеннің 2022-2023 жылдары таныла бастағанын айтты.
«Мен бұл әннің сонау 2022-2023 жылдары қатты тарап кеткенін сіздерге айттым. Tik-Tok желісінде 100 бейнеролик көрсем, оның шамамен 70 шақтысында осы ән жүретін», – деді Темірлан.
Сондай-ақ прокурор әннің бастан-аяқ боғауыз екенін біле тұра неге ұялмағанын сұрады. Айыпталушы бұл ісі үшін ұялатынын жасырмады.
«Мен 2022 жылдары осы ісім үшін ұялып жүрдім. Бірақ ол кезде бұл ән қай жерге барсаң да қосылып тұратын», – деді QazNews24 сатира парақшасының авторы.
Айыпталушы бұл әнді неге биыл ғана құқық қорғаушылар көре қалғанын айтып, бұған дейін неліктен көрмегендеріне таңғалды. Cондай-ақ, ол бұл ән YouTube платформасында рэпер Эминемнің бейнежазбасында да қолданылғанын айтты.
«Олай болса, Эминемді де шақырып соттайық», – деді QazNews24 сатира парақшасының авторы.
Темірлан Еңсебектің адвокаты оны үйқамаққа шығаруды сұрады, алайда сот ол ұсыныстан бас тартты.
Ғимараттың сыртында қандай дау болды?
Сот болып жатқан кезде, ғимарат маңына Темірланның жақтастары жиналды. Алайда сот өкілдері оларды кіргізбеді. Оларға залда бос орын жоқ екенін айтқанда, белсенділер бейнетрансляция қосуды талап етті. Алайда полиция қызметкерлері келіп, олардың талабына жауап бермей, күш қолданып, шығарып жіберді.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі белсенділердің ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Полицияның айтуынша, Наурызбай аудандық сотының дәлізінде ұсталған белсенділер айғайлап, сотқа келушілерге кедергі жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
«Олар заңсыз әрекетті доғару туралы талапты елемеді. Сәйкесінше, 5 белсендіге қарсы «Ұсақ бұзақылық» бойынша (434-бап) хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Сотқа куәгер ретінде келген Мария Кочнева да залға кіре алмады. Оны да полиция алып кетті.
Бұл азаматтарды Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті. Белсенді Ақторғын Ақкенжебаласы оны көлікке күштеп салып жатқан кезінде өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтты, бірақ полиция тыңдамады. Тіпті «ол өтірік істеп тұр» деді. Ақырында, бөлімшеде жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырды. Кейін оған қатысты хаттама толтырылмайтыны хабарланды.

Темірлан Еңсебектің соты 11 сәуір күні сағат 10:00-де болады. Айта кетейік, 9 сәуір күні болған сот отырысы кезінде дәл осындай көрініс болған еді. Яғни, БАҚ өкілдері Темірланның сотында турникеттен аса алмай, ғимараттың сыртында қалды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді