«Біз үшін жұмбақ»: Алматыда үстіне кран құлап қайтыс болған марқұмның туыстары наразылық білдірді
Фото: Pixabay
3 маусым күні Алматыда құрылыс алаңында жұмысшының үстіне кран құлап, құрылысшы сол жерде мерт болды. Марқұмның туыстарының айтуынша, құрылыста қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Олар құзырлы органдар істі жылы жауып тастай ма деп алаңдайды. Бүгін сол құрылысшының туыстары оқиға болған жерге барып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып, мән-жайды біліп қайтты.
Күзет бөлімінің басшысы Аслан Жазайыровтың айтуынша, тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Жасыратын ештеңесі жоқ. Қазір құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиға кеше 15:00-16:00 арасында болды. Кран құлағаннан кейін бірден жедел жәрдем мен төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарластық. Кранның ұзындығы шамамен 30 метрдей болатын шығар», – деді күзет бөлімінің басшысы.
Сондай-ақ, Асланның сөзінше, құрылыс нысанының өзінде де дәрігерлер бар және олар бірінші болып алғашқы көмек көрсеткен. Ал жедел жәрдемнің өзі шамамен 5-7 минут аралығында келді. Асланның сөзіне қарасақ, оларда барлық қауіпсіздік техникасы жіті сақталған.
«Нысанда 4 кран бар. Ең жаңасы осы құлаған кран. Ал қалғандары ескі кеңес үкіметінен келе жатқан крандар».
Ал марқұм құрылысшының туысының сөзінше, кранға демонтаж жасау керек болған. Ал марқұмның демонтаж жасау кезінде не үшін үстіне шыққаны белгісіз. Оның неліктен олай істегені және оған үстіне шығуға кім рұқсат бергені де беймәлім.
«Бұл салада оның қаншама жыл еңбек өтілі бар болғанымен ол кранмен ештеңе көтермеген, дауыл тұрмаса ол қалай өздігінен құлап қалды? Ол біз үшін жұмбақ», – деді марқұмның қайын ағасы Алпысбай Белеков.
Оның сөзінше, осы оқиғадан кейін жоғарыдан диспетчер келген. Ал кеше краншылар келді. Басшылықтан әлі ешкім келген де жоқ. Алпысбай Белековтің айтуынша, оның бұл қызметте жүргеніне 15 жылдан асып кеткен.
«Оның қайтыс болуы бәрімізге түсініксіз болып тұр. Ал нысанға кіргіміз келгенімен, бізді кіргізбеді. Қауіпсіздік қызметі келеді деп еді, ол сол күйі жоқ. Кіру үшін тергеушінің рұқсатымен және онымен бірге кіру керек дейді. Оқиғаны түсіндіруді сұрап келіп едік, ешкім шықпады да, түсіндіре алмады да».
Алпысбайдың сөзінше, оған қасындағы жұмыскерлер мәйіттің кранның астында 4 сағаттан астам уақыт бойы жатып қалғанын айтқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Next Level» атты ағылшын курсының басшыларының ұстаздарды айлықсыз қалдырып, шетелде жүргені туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық