Next Level былығы: Ұстаздарды айлықсыз қалдырып, шетелде жүрген кімдер?
Threads/ shh1rin
Шырын есімді қолданушы Threads әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Next Level атты ағылшын курсының басшылары өз жұмысшыларына жалақы төлемей жатқаны туралы жазба жариялаған болатын. Шырынның өзі сол курста ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаз.
Жалақы ала алмай отырған қызметкерлердің жағдайына Orda.kz редакциясы бей-жай қарамай, Шырынның өзінен сұхбат алып, мәселенің анық-қанығын сұрастырды.
Алаш қайраткерлерінің бірі, ақын, қазақтың біртуар тұлғасы Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» дейді. Қазіргі ақпарат ағынына, заманның өзгеруіне қарай алаяқ, жылпостар да өзгеше айла-тәсілдерге көшіп, адамдарды алдаудың жаңа жолдарын тапқан.
Осы жолы олар ұлт руханиятының тірегі болатын, оқушылардың көзін ашатын ең қадірлі қызметте жүргендер, яғни, ұстаздарды сан соқтырды. Бұл, әрине, қай-қайсымыздың да басымызға түсуі мүмкін жағдаят. Сондықтан бір құзырлы органдар істі жан-жақты тергейді деген үмітпен оқиғаны баяндап, бір жағы қадірлі оқырмандарымыздың «құлағына алтын сырға» дей отырып, сақ болуларыңызды сұраймыз.
Оқиға осы жылдың 14 мамыр күні басталды. Шырынның айтуынша, жалақы беретін уақыт - 12 мамыр күні. Ал сәуір айының жалақысын беру 14 мамырға шегерілген.
«Бізге 14 мамыр күні нақты жіберіледі деп жазды. Біз жауап берген соң «жіберетін шығар» деп келістік. Сол күні кешкі 20:00 шамасында біздің бастықтарымыз бізді бұғаттай бастағанын байқадық. Жазсақ хабарламамыз, қоңырау шалсақ - қоңырауымыз бармайды. Осы жағдайдан кейін барлығын түсіндік. Соңғы рет сабақ бергенде оқушыларға басшылықтың айлық төлемей жатқаны себепті 1-2 аптаға сабақты тоқтата тұратынымызды хабарладық», – деді Шырын Мәдікова.
Шырынның сөзінше, осы жағдайдан кейін де жұмысшылар түсіністікпен қарап, түнге дейіне күтуге бел буған. Кейін қызметкерлер басқа бөлімдеріндегі мұғалімдер де 2 бойы айлық ала алмай, басшыға хабарласа алмай жүргендерін естиді. Осы жайттан кейін курс мұғалімдері өздерінің алданғанын түсінген.

Кейін сол күні түнгі 01:00 шамасында басшылар өз қызметкерлерін бұғаттаудан шығарып, оларға өз алғыстарын білдіріп курсты жапқалы жатқанын хабарлаған. Ал айлықты 1 немесе 2 айдан соң беретінін айтып, қайтып олардың бұғаттап тастаған.
«Осыдан кейін біз уайымдай бастадық. Оқушылар да түсінді. Оларға жағдайдың бәрін айтып, түсіндірдік. Не істерімізді білмей, 16 мамыр күні барлығымыз жиналып аудандық ішкі істер бөліміне (АІІБ) бардық».
Шетелге қашып кетті
Шырынның айтуынша, 17 мамыр күні мұғалімдердің әуежайда жұмыс істейтін таныстарының бірінен олардың әуежайда жүргені туралы хабар келген. Ал АІІБ-ға хабарласса, олар қоңырауды ұзақ уақыт бойы алмаған.
«АІІБ хабарлассақ, олар бірден ала қоймады. Шамамен 10 рет қоймай хабарласқаннан соң алды. Біз оларға бастықтарының әуежайда екенін, олардың қашқалы отырғанын, қолға түсіруін өтінгенімізбен олар бізге: «иә, біз жұмыс істеп жатырмыз» деді де өшіріп тастады. Содан кейін біздің қоңырауымызды алмады».
Ал қазір олар шетелде жүр. Өздерінің Next Level дәрістерінің парақшасын өшіріп тастап, басқа парақша ашып алған.



Шырынның айтуынша, бұл парақша мұғалімдердің барлығын бұғаттап тастаған. Ал оқушылардың бірі парақшаға жазып, әдейі курсқа тіркеліп көріпті.
«Бір оқушымен сөйлескен кезде, олар Вьетнам деп айтты. Бірақ біздің ойымызша олар Тайландқа кетті. Өйткені олар алдыңғы айда Тайланд еліне баратындары туралы айтып жүрген болатын. Бірақ бұл нақты емес. Әйтеуір АҚШ-қа аттана алмайды. Өйткені оларға Green Card мақұлданбады».
Orda.kz тілшісі өз бетінше жаңадан ашылған парақшаны зерттеп көрді. Парақшаға қарап отырсақ, оқырмандары өте көп және басым бөлігі бот емес, шын оқырмандар. Ал парақшаның өзінде ешқандай жазба салынбаған, бірақ жоғарыда суреттерге қарасақ, олар оқушыларды қабылдап, «білім беруді» көздейді екен-мыс. Парақша 2022 жылдың сәуір айында ашылған.


Next Level қандай курс және олардың басшылары кім?
Шырынның айтуынша, «Next Level» ребрендингі былтыр ғана пайда болған. Басшылар оның алдында «StudyOn» деп аталатын ағылшын курсында жұмыс істеген. Кейін өздері осы курсты ашқан.



«Менің естігенім бойынша бар ақпарат осы. Бірақ әркімге әртүрлі айтылған сияқты. Сол үшін нақтысын тап басып айта алмаймыз. «StudyOn-да» да сондай жағдайлар болған сияқты. Өйткені онлайн мұғалімдерін сан соқтырған, мен Threads-ке жазба салған кезде, пікірлер алаңында да Stadion-да кезінде жұмыс істеген адамдар жазды».
Курс жабылғаннан кейін көп мұғалімдер жұмыс таппай «тентіреп» кеткен. Тіпті басқа аймақтағы онлайн жұмыс істейтін мұғалімдер де айлығын ала алмай отыр. Оларға тіпті келісімшарт жібереміз деп уәде беріп, жібермей қойған. Ал Шырынның сөзінше, Алматы қаласының департаменті бұл жағдайға қылмыстық іс қозғаған.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Аманжол Қалдыбек пен Бекзат Рүстемұлы Заманджаниджад (Кайл деген лақап аты бар адам) екеуі уәде еткен жалақыны 2 айдан кейін бере ме, бермей ме? Әзірге бұл түлкібұлаңға салынып кетуі мүмкін, шешімі белгісіз мәселе болып тұр.
Жаңалықтар
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
- Қырғызстанның экс-депутаты Ұлықбек Қошқаров АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр ме?
- Мектеп қызметкері мас болып көлік айдап, екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді
- Қызылорда облысындағы қайғылы оқиға: Жоғалып кеткен 6 жасар қыздың денесі Сырдариядан табылды
- Кәмелет жасына толмаған есірткі таратушы төрт жарым жылға сотталды
- Си Цзиньпин КХДР-ға жеті жылдан кейін алғашқы мемлекеттік сапармен келді
- Құрылыс кодексі: Әкімдіктер заңсыз құрылысты анықтауға міндетті
- Сайлау қорытындысы: Армениядағы парламент сайлауында Пашинянның партиясы жеңіске жетті
- Қызылорда облысында қыздың өлімінен кейін тұрғындар арасында «маньяк» туралы қауесет тарады
- Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Пакқа кешірім берген отбасылар саны тағы да толықты
- Петропавлда 77 жастағы зейнеткер 7 миллион теңгесін бизнеске «шақырған» алаяқтарға аудара салған
- Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
- 1,2 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Алмасбек Садырбайдың ісі: Сотта қандай мәселелер көтерілді?
- Арменияда парламенттік сайлау: Пашинян өзінің партиясы жеңгеніне сенімді
- Иран мен Израиль соққы алмасты
- «Хандала» хакерлік тобы Израиль тұрғындарды үйлерін тастап кетуге шақырды
- ҰҚК ШҚО қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталғанын растады
- Түрксіб ауданында адам өлтіріп, жасырмақшы болған адам ұсталды
- БҰҰ жасанды интеллекттің дамуы қоршаған ортаға әсер етеді деп алаңдап отыр