Биылғы көктемде Қазақстанның 10 облысын су басу қаупі төніп тұр
Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Қазақстанның 10 өңірінде су басу қаупі бар деп мәлімдеді.
Оның ішінде таудан аққан судан – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісуда; қардың мол еруіне байланысты – Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қауіп бар.
«Қазгидрометтің» алдын ала болжамы бойынша, ақпан мен наурыз айының аяғында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөлігінде тәуліктік және айлық нормада көп жауын-шашын болуы мүмкін.
«Соңғы үш жылдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүргізілген профилактикалық шараларға қарамастан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді жыл сайын су басып жатады. Осы фактілерді ескере отырып, халықты су тасқынынан қорғау мәселесін тез әрі тиімді шешу қажет»,- деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жол картасы бойынша жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалмай, жай ғана келесі жол картасына көшірілген. Оның себебі – қарастырылған шаралардың барлығына тиісті қаржының жоқтығы.
Нәтижесінде соңғы жол картасы (2021 - 2023) 58% ғана орындалды. Кейбір жобалар қымбаттап кетті.
Биыл Ақмола облысындағы Есіл өзенінде «Есіл» қарсы реттегішін салу жоспарлануда, бұл Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басу қаупін жояды. Республика бойынша барлығы 40 су қоймасын салу қажет. Иә, бұл әкімдіктер үшін қымбатқа түседі, бірақ бәрібір халықтың қауіпсіздігін жақсартып, мүлкін жоғалтудан туатын әлеуметтік шиеленісті азайтады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы алқаптарын жазғы уақытта суару мәселесі шешілмек. Өз кезегінде біз үйлестіруші министрлік ретінде халықты қорғау жауапкершілігінен бас тартпаймыз.
«Төтенше жағдай туындаған жағдайда біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз»,- деп қосты Аринов.
Сондай-ақ ол соңғы жылдары гидротехникалық құрылыстарға жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқанын айтты. Су қоймаларының жарылу қаупі бар және елді мекендерге қауіп төнеді. Бұл ретте жөндеу жұмыстары тек республикалық құрылымдарда ғана жүргізілсе, мемлекеттік және жекеменшік нысандар ұзақ жылдар бойы қараусыз қалып отыр. Бір жарым мың гидротехникалық құрылыстың 537-сі жөндеуді қажет етеді.
«304 гидротехникалық құрылыс тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төндірсе, оның 216-сында немесе 71 пайызында жергілікті ескерту жүйесі жоқ. Олардың болмауы 2010 және 2014 жылдары Алматы және Қарағанды облыстарында орын алған жағдайдағыдай адам шығынына әкелуі мүмкін», - деді министр.
Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында дабыл жүйесі жеткіліксіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық