Бішкекте қазақстандықтар заңсыз колл-орталық ұйымдастырып, қолға түсті
Фото: Қырғызстан ҰҚК
Бішкекте 43 қызметкер, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ұйымды Қазақстан азаматтары басқарған. Кибер алаяқтар екі ел азаматтарына тынымсыз қоңырау шалып, БАД қоспалары мен тұрмыстық техника сатып алуды ұсынып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан әсер еткен.
Клиенттердің сеніміне кіріп алған олар лотерея билеттерін сатып алуға көндіріп, белгілі бір шоттарға ақша аударған адамдардың жеңіске жету мүмкіндігі едәуір артады деп уәде берген. Қылмыскерлердің құрбаны көбінесе зейнеткерлер.

Компания салық органында тiркелмеген, лотерея өткiзуге лицензиясы болмаған.
Операторлар «Baribarda» IP-телефония жүйесін пайдаланды, ал барлық серверлер мен кол-орталықтың деректер базасы Қазақстан аумағында орналасқан.
«Байланыс орталығы қызметінде заманауи байланыс құралдарын және қаржылық пайда табу мақсатында азаматтардың санасын манипуляциялау әдістерін пайдаланатын мемлекетаралық қамтумен ұйымдасқан қылмыстық схеманың белгілері бар» деп жазылған Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Тінту барысында 43 ұялы телефон, 78 ноутбук және ұйым қызметіне қатысы бар түрлі құжаттар тәркіленді. Тергеу жалғасуда.
Жыл басында Қарағанды облысында хакерлік бағдарламалық жасақтама жасаған кибер алаяқтар ұсталды.
Жамбыл облысында 2024 жылы киберқылмыс саны 30%-ға өсіп, алаяқтармен күресу үшін телеграм боты іске қосылды.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады