49 миллион теңгеге хакерлік шабуыл жасалды: ҰҚК Қарағандыда киберқылмыскерді ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды тұрғынының киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Тергеушілердің мәліметінше, ол 49 миллион теңге шығын келтірген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарағанды тұрғыны прокуратураның көмегімен 30 қаңтарда ұсталды. Ер адам мемлекеттік электронды қызметтерді көрсетуге байланысты киберқылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Тінту кезінде ұсталған азаматтан 24 ұялы телефон, төрт жүйелік блок, төрт флеш-карта, тоғыз ноутбук және бір планшет тәркіленді. Қарағанды тұрғыны өз әрекетімен 49 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Ақпараттық жүйе немесе телекоммуникация желілері жұмысын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Іс бойынша басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық