Бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салына ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Фото: Freepik.com
Екі немесе одан да көп тұрақты жұмыс орны бар қазақстандықтар тергеуге алынады. Министрліктің түзетулеріне қарасақ, заң бойынша бір адам бірнеше жұмыс орнында еңбек ете алады. Бірақ белгілі бір шектеулер бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың екі немесе одан да көп жерде еңбек етуіне қатысты түсініктеме берді:
- – Негізгі жұмыс орнында күнделікті жұмыс уақыты 8 сағаттан аспауы тиіс;
- – Қосымша жұмыста 4 сағаттан артық болмауы керек;
- – Барлығы қосқанда тәулігіне 12 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды.
Сондай-ақ министрлік қызметкерге қажет маңызды ережелерді ұсынды:
- – Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 56-тармақшасына сәйкес, қосымша жұмыс бұл қызметкердің негізгі жұмысынан тыс уақытта еңбек шарты негізінде басқа тұрақты әрі ақылы жұмысты орындауы;
- – Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес ( Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар), басқа жұмыс берушімен қосымша жұмысқа еңбек шартын жасасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орны бойынша еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама ұсынуы қажет;
- – Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес (Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы), негізгі жұмыс орнындағы және қосымша жұмыстағы күнделікті жұмыс уақыты осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығынан 4 сағаттан артық болмауы тиіс;
- – Кодекстің 92-бабының 5-тармағына сәйкес (Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі), егер адам қосымша жұмыс істесе, онда оған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмыс орнындағы демалысқа сәйкес бір уақытта беріледі.
Кімдер қосымша жұмыс істей алмайды:
- – 18 жасқа толмағандар;
- – Ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайында істейтіндер (медқызметкерлерден басқа);
- – «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге тыйым салынады. Өйткені олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа, өзге ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес.
- Кез келген кәмелетке толған азамат жоғарыдағы шектеулерге жатпаса, негізгі жұмыстан бөлек қосымша табыс көзін таба алады.
Еске сала кетсек, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық