«Біреуі менің қызым»: Масақ ауылында 16 жастағы қызды қорлаған екі әйел жайлы ақиқат
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Масақ ауылында 29 жастағы және 30 жастағы екі келіншектің 16 жастағы қызды үйінен ұрлап әкетіп, қорлық көрсетіп әр әрекетін бейнежазбаға түсіріп отырғаны белгілі болды.
Orda.kz тілшісі Масақ ауылына барып, екі күдікті туралы ақиқатты біліп қайтты.
Ауылды аралап екі күдіктінің үйін таппай жүрген тілшілеріміз 60 жасқа таяған ер адамды кезіктірді. Ол ер адамнан оқиға жайлы сұрай бастағанда, ол басын төмен салып: «біреуі менің қызым» деп айтты.

«Қызымның мұндай қылығы жоқ еді. Ол тек видеосын түсіріп берген. Оның екі баласы бар. Қайырымдылықпен айналысатын. Күйеуімен ажырасып кеткен. Ол алимент төлемей жүрген болатын. Қарыз еді. Осы оқиғаны ести сала әкесі бізден балаларды алып кетті. Енді балалардың тағдыры не болады білмеймін», — деді әкесі.
Масақ ауылы тұрғындарының айтуларынша, жасөспірімді аяусыз қорлаған басты күдікті сыйлы отбасының қызы.

«Жақсы қыз болған, әкесі менімен оқыған. Жақсы отбасы, қыздың бейсауат жүрісін көрмегем», — дейді тағы бір тұрғын.
«Естігенде қан қысымым көтеріліп кетті» деген Камалдың пікіріне басқалары да қосылды.
«Сымбат деген қыз, өте жақсы танимын. Өте жақсы қыз, отбасын да жақсы танимын. Әкімдікте істейтін. Анау-мынау жүрісі болмаған. Әке-шешесі де жақсы адамдар», — дейді Камал есімді тұрғын.
Жігітін даулаған басты күдіктінің әкесі сұхбат беруге әл-дәрмені жоғын айтты. Анасы төсек тартып қалған.

Екі отбасы да ел бетіне қараудан қалып, бұғып тірлік жасап жүр.
Басты күдікті — әкімдік қызметкері. Жасөспірімді қорлаған басты күдікті Масақ ауылдық әкімдігінде 6 жыл қызмет еткен.
«Мен бұл жұмысқа келгелі екі жыл. Ол кісі ортасына сыйлы, өте жауапкершілігі мол маман болған. Жұмыстан кешігу деген тіпті болмапты. Естігенде жағамызды ұстадық, содан бері өз-өзімізге келе алар емеспіз. Ауыл тұрғындары да, біз де оны сондай инабатты, кішіпейіл деп санайтынбыз», — дейді Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдос Молдабаев.
Қылмыс жасаған уақытта күдікті сырқаттанып ем алатынын айтып, жұмыстан сұранып кеткен.
«19 тамызда ішкі істер қызметкерлері жұмыс үстінде ұстап әкеткен. Күдікті маған кіріп: «Ішкі істер бөліміне барып келейінші, бір проблема болып қалды» деп сұранды. Бірақ ойымда түк жоқ, босаттым. Сол кезде полиция алып кеткелі кеп тұр екен. 4 тамызда денсаулығына байланысты демалысқа кетті, 19 тамызда жұмысқа шыққан, сол күні ұстап әкетті», — дейді әкімнің орынбасары.
Еске сала кетейік, Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды ұрлап қорлық көрсеткен. Әйелдердің біреуінің әкімдікте істейтіні белгілі болды. Қыздың анасы Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп мән-жайды айтып берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық