«Бірде-бір әйнек сындырмаған»: абақтыдағы Әйгерім Тілеужанның жағдайы мүшкіл
Коллаж: Orda.kz
Журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы «әуежайын басып алу» ісі бойынша сотталған болатын. Абақтыдағы Әйгерім денсаулығының күрт нашарлағанын айтты.
Orda.kz тілшісі Әйгерім Тілеужанның адвокатымен сөйлесті.
Он келіге арықтап кеткен
Адвокат Айнара Айдарханованың айтуынша, Әйгерім Тілеужан бір ай бұрын ота жасатқаннан кейін өзін әлсіз сезініп, денсаулығы нашарлап кеткен. Соған қарамастан, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызуға рұқсат бермеген.
«Қазір денсаулығына қатысты шағымдары бар. Ем тағайындалмаған. Кеше медициналық тексеруге апарған еді. Бірақ бөлім басшысы «ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ» деп шешті. Амбулаторлық бақылау жеткілікті деді», – дейді адвокат Айдарханова.
Ол бұл мәселе жайлы Денсаулық сақтау министрлігіне, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және Алматы облысының адам құқықтары жөніндегі уәкіліне хабарланған. Бірақ әзірге ешқандай жауап болмаған.
«Әйгерім соңғы уақытта шамамен он келі салмақ тастаған. Бір ай бұрын Іле аудандық орталық ауруханасында ота жасалған. Қазір дене қызуы түспей тұр. Жалпы жағдайы мәз емес. Біз толық тексеру жүргізіп, қажет болса ауруханаға жатқызуды сұрап отырмыз. Бірақ дәрігерлер: «мұның қажеті жоқ» деп отыр. Сол себепті жоғары органдарға өтініш жолдадық», – дейді адвокат.
Әйгерім Тілеужанға 2023 жылдың шілде айында сот үкімі шыққан. Сот оны және тағы төрт адамды Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша кінәлі деп таныды. Журналист төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.
19 минут және төрт жыл
Бір жылдан астам уақыт бұрын, Жоғарғы сот істі қайта қараудан бас тартқан кезде заңгерлер тергеу барысындағы заң бұзушылықтар туралы айтқан еді.
Қорғау тарапының негізгі уәжі — жазаның шектен тыс ауырлығы болған.
«Куәгерлердің кейбірі «Ұрлық» пен «Тонау» баптары бойынша сотталған. Бірақ олар нақты мерзім алған жоқ, амнистиямен босатылды. Ал Әйгерім бірде-бір әйнек сындырмаған, ешкімге қарсы әрекет жасамаған. Соған қарамастан, әуежай аумағында бар болғаны 19 минут болғаны үшін төрт жылға сотталды», — деген болатын Айнара Айдарханова.

Істің материалдарында «Қазаэронавигация» қызметкерлерінің куәліктері бар. Бұл ұйым әуе қозғалысын басқарумен айналысады. Олар белсенділердің ешқандай агрессия көрсетпегенін айтқан.
«Ешкімді ұрған жоқ, қару болған жоқ. Видеодан көрініп тұр: диспетчерлер өздері есікті ашып, кіргендерді акт залға шақырады. Аз әңгімеден кейін адамдар тыныш кетіп қалды».
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы назар аударған іс
Әйгерім Тілеужанованың оқиғасы ел шекарасында ғана айтылмады. Шетелдерде де бұл мәселені айтып, әділдік талап еткендер бар. Оның ісі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының баяндамасында көрсетілген. Құжатта Қазақстандағы 2022 жылдың қаңтар айындағы істер бойынша әділ сот принциптерінің бұзылуы атап өтілген. Соның ішінде Әйгерім Тілеужанованың ісі бар.
«2023 жылдың 30 наурызындағы тыңдауда судья, судьяны ауыстыру туралы өтінішті қарауға жауапты болған, тараптарды қорқытып, сыйластық танытпады. Ал 2023 жылдың 10 қарашасында сот үкімді орыс тілін білмейтін айыпталушыларға аударып бермеді» деп жазылған Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары бюросының баяндамасында.
Сонымен қатар, бақылаушылардың деректері бойынша, тыңдаулар кезінде судья Әйгерім Тілеужанованы шағымданудан бас тартуға көндірген, «сотталу мерзімі бұл мүмкіндікті жасауға жеткілікті ұзақ болады» деп айтқан.
Айта кетейік, белсенді екі рет колонияда аштық жариялаған. Бұл әрекет сот үкіміне қарсылық ретінде жасалған. Әйгерім Тілеужан сонымен қатар мекеме ішінде өз құқықтарының бұзылғанын айтып шағымданған.
Айыпталушыға айналған депутаттыққа үміткер қыз
Әйгерім Тілеужан ұсталғанға дейін қоғамдық өмірге белсене атсалысты. 2023 жылдың ақпанында оған депутаттыққа кандидат куәлігі берілуі тиіс еді. Бірақ сайлау комиссиясының ғимараты алдында полиция оны тоқтатты. Бірнеше сағат бұрын Әйгерім Тілеужан баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, Жоғарғы сот оны тіркеуден бас тартуды заңсыз деп танығанын жариялаған еді.
«Бұл – жеңіс. Елде бәрі заңға сай жүзеге асырылуы үшін жасалған кішкентай қадам», – деді ол сол сәтте.
Алайда тағы бірнеше сағат өткен соң үйінде заттарын жинауға мүмкіндік берместен Әйгерімді ұстап әкетті.
Айыпталушының адвокатымен кездескеннен кейін Orda.kz Қылмыстық-атқару ісі жөніндегі комитетке, Денсаулық сақтау министрлігіне және Омбудсменге сұрау жолдады. Қазірге дейін жауап алынған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі, сотталушылардың медициналық жағдайын қадағалайтын мекеме ретінде, Әйгерім Тілеужанның жағдайы жөнінде түсініктеме беруге уәде етті.
Мақала авторлары: Зарина Файзулина, Әсем Жәукен
Жаңалықтар
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
- Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
- Арқалықтық блогер әйелдерге қатысты жыныстық қылмыстар үшін 10 жылға сотталды
- Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім көз жұмды
- 20 жыл бойы «қара тізімде» болған Қырғызстан үшін Еуропа аспаны ашылды
- Тергеудегі Тәшиев көпшілік алдына шығып Жапаровты мақтады
- Сүйіп, порно көрсетті: 15 жастағы қыз атасы жасаған анайы қылықтарды айтып берді
- АҚШ Иранға қарсы жауапты соққы берді: Ормуз бұғазындағы шиеленіс күшейді
- WornerBros фильмдерін ақшаға көрсетіп, қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды
- Маңғыстаудағы жартас мешітінің тарихи келбеті қалпына келтірілді: Пластик терезелер мен есіктер алынып тасталды
- Қазақстанда іздеуде жүрген 371 шетелдік анықталды, 107 адам ұсталды
- NASA: Artemis III – адамзаттың Айды қайта игеру жолындағы маңызды миссия
- Сталкингке қарсы заң жобасы: Қыз алып қашу — дәстүр ме, қылмыс па?
- Иран СІМ АҚШ әскери күштерін аумақтан тезірек әкетуге шақырды
- Судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары кісі өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтты
- Сарбаз оқпанда қалған пулемет оғынан қаза тауып, офицер 4 жылға сотталды