«Бір реттік неке және талақ»: Мешітте жыныстық қысымға тап болған бойжеткенге қарсы шабуылдар күшейді
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе қаласындағы мешіттердің бірінде ер адамның бойжеткенге «бір реттік неке» ұсынған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, оны түсірген Эммануелла Наурызбаеваға қатысты сын мен қоқан-лоқылар көбейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тіпті оны үйіне дейін аңдығандар да болған. Эммануелла Наурызбаева бұл бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялағаннан кейін, оның әлеуметтік желідегі де, күнделікті өміріндегі тыныштығы бұзылған.
Желіде бойжеткенге бағытталған айыптайтын пікірлер легі толастар емес. Көптеген қолданушылар «өзі кінәлі», «дінді ұятқа қалдырды», «неге бірден имамға жүгінбеді», «неге бейнежазбаға түсіріп тұр» деген сияқты сөгіп, қорлайтып пікірлер қалдырған.
Оған қоса, белгісіз бір топ азаматтың түнгі уақытта қыздың үйінің алдында жиналып, терезеден қарап, темекі шегіп тұрғаны хабарланды. WhatsApp мессенджеріне «түбіңе жетпей қоймаймыз» деген мазмұндағы қорқытқан хаттар келіп түскені де белгілі болды.
Айта кетейік, полиция «бір реттік неке» ұсынған ер адаммен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.
Еске сала кетсек, Orda.kz заңсыз миссионерлік қызметі үшін, сот алдында жауапқа тартылған, қазіргі кезде жұрт алдына шығып, пікір білдіріп жүрген атышулы Дарын Мүбаров жайлы жазған болатын. Тілшіміз мүфтиятқа арнайы сауал жолдап, Дарын Мүбаровты тыңдауға болатыны, я болмайтыны жайлы анықтап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық