«Бір адам қаза тапты»: Талғарда қызметтік көлікпен аң аулауға шыққан әкім жол апатына ұшырады
Коллаж: Orda.kz
Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев Алматы облысы Райымбек ауданындағы тауда, жұмыс орнынан жүздеген шақырым жерде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz.
Апат 13 қыркүйек күні кешке Нарынқол — Сарыжаз тас жолында болған.
Дәулетәлиев Панфилов ауылдық округі әкімдігінің балансындағы Bestune T55 (мемлекеттік нөмірі 101 BG 05) қызметтік автокөлігін мініп алған. Жолда апат болып, көлік бірнеше рет аударылған. Нәтижесінде 38 жастағы ер адам қаза тапты. 34 жастағы жолаушы мен ауыр жарақат алған әкім жансақтау бөлімінде жатыр.
«Шенеунік демалыс күні кешке Райымбек ауданындағы тауда қызметтік көлікпен не істеп жүр?» деген сұрақ туындайды. Orda.kz мәліметтері бойынша, ол 12 қыркүйек күні аң аулауға шыққан. Ең бастысы — көлікті қандай күйде басқарғаны белгісіз.
Тергеу ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша жүргізіліп жатыр.
Куәгерлер бұл көлікті Дәулетәлиев басқарғанын айтқан.
Редакция Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен өңір прокурорынан жол апатының мән-жайларын түсіндіріп, сұрақтарға жауап беруді сұрады.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі былай деп жауап берді:
«Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазір Дәулетәлиев уақытша еңбекке жарамсыз, ал оқиға тексеріледі. Осыған байланысты қызметтік тергеу жүргізуге әлі ерте», деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ баспасөз қызметі жол апатына қатысты барлық мәселелер бойынша уәкілетті органға жүгінуге кеңес берді.
Айта кетейік, бүгін, 23 қазанда Самара — Шымкент тас жолында DAF жүк көлігі мен «Газель»автокөлігі соғылды. Жантүршігерлік жол апатынан 12 адам көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық