Бес жылдық бітімгершілік: ХАМАС жаңа мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay
Қозғалыс Газадағы соғысты тоқтатуға, барлық кепілге алынғандарды босатуға және бес жылдық бітімгершілік орнатуға дайын, деп хабарлайды Orda.kz ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы AFP агенттігіне ұйымның ресми өкілі жасырын түрде мәлімдеді.
Израиль бұл ұсынысқа әзірге түсініктеме бере қойған жоқ.
ХАМАС делегациясы Каирге мысырлық делдалдармен 18 айлық соғысты аяқтау жолдары туралы келіссөздер жүргізуге барды. Бұған дейін қозғалыс өкілі Египетте оқ атуды тоқтату жөніндегі «жаңа идеялар» туралы айтылған еді. Бұл ретте қару беру мәселесі Израильдің басты талаптарының бірі болғанына қарамастан талқылануға жатпайды.
Соңғы рет израильдік тарап 17 сәуірде 10 адамды босату үшін 45 күнге оқ атуды тоқтатуды ұсынды. Алайда ХАМАС бұл шешімді «ішінара» деп атап, Израиль әскерлерінің Газа секторынан шығарылуынан соғысты «толық» тоқтатуды, қоршалған анклавқа гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуды ұсынды.
Израиль, өз кезегінде, 2023 жылғы қазандағы шабуыл кезінде тұтқындалған барлық адамдарды қайтаруды және ХАМАС-ты қарусыздандыруды талап етеді.
Наурызда Газа секторына шабуыл екі ай бітімгершіліктен кейін қайта басталды. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газадағы соғыс құрбандарының жалпы саны 51 495 адамға жетті.
2023 жылы 7 қазанда соғыс басталған кезде ХАМАС шабуылынан 1200-ге жуық адам қаза тапты. Сол уақытта 250-ден астам адам ұрланған, олардың 58-і әлі күнге дейін Газада қамауда.
22 ақпанда ХАМАС тағы алты израильдік кепілді босатты. Олардың төртеуі 2023 жылғы 7 қазанындағы шабуыл кезінде тұтқынға алынса, тағы екеуі он жылға жуық тұтқында болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық