Берік Уәли: Ауыр жылдың ауқымды шаралары туралы

cover Сурет Ақорда сайтынан алынды

«Egemen Qazaqstan» басылымында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлимен 2020 жылы елде атқарылған шараларға байланысты сұхбат жарияланды.

ORDA. сұхбаттың маңызды тұстарымен бөлісті.

Президент пандемияға қарсы күресте қандай бағыттарға басымдық берді?

«Қасым-Жомарт Кемелұлы коронавирус індетінің өршіп, тез таралуына бай­­ланысты халыққа Үндеу жариялап, елі­­мізде 30 күндік төтенше жағдай ен­гі­зіп, алғашқы толқынның алдын ал­ды».

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте шұғыл түрде жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханалары, провизорлық ста­цио­нарлар салынды. 4,5 миллионнан ас­там адамға 42 500 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді.

«Банктер кәсіп­кер­лерге және азаматтарға берген не­си­е­ні қайтару мерзімін 3 айға шегерді».

Баспасөз хатшысы «президенттің тапсырмасы бойынша пандемияның салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеруге 5,9 триллион теңге көлемін­де қаржы бөлінді» дейді.

Мемлекет басшысы сыртқы саяси аренада Қазақстанның ұлттық мүд­делерін қалай қорғады?

«Президент жыл ішінде 9 халықаралық жиынға қатысып, телефон арқылы 30-дан астам елдің басшыларымен сөй­лесті. Шетелдің 15 елшісінен се­нім гра­мо­та­ларын қабылдады».

Әңгімелескен Жолдыбай БАЗАР

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар