Белсенділер қамалған Мирболат Бишуиновты босатуды талап етіп жатыр
Бүгін Алматыда қоғам белсендісі желтоқсаншы және блогер Мирболат Бишуиновтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер, журналистер мен блогердің жақтастары қатысты.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына барып қайтты.
Қылмыстық іс қайдан басталды?
Ресми ақпаратқа сәйкес, Мирболат Бишуиновтың Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған сөзіне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Сот сараптамасы оның сөзінен «ұлттық алауыздықты қоздыруды» анықтап, ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Алматы қалалық мамандандырылған тергеу соты 15 қыркүйекте Бишуиновты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.
«Бишуиновтың үстінен ешкім ресми түрде шағым түсірмеген. Оның қамауға алынуына шілде айында жүргізілген мониториң нәтижесі себеп болды. Сол сараптама барысында бірнеше ай бұрын түсірілген бейнежазбасы назарға іліккен. Онда Бишуинов орыс ұлтты әйелден қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Сарапшылар осы жазбадан «ұлттық алауыздықты қоздыру белгілерін» анықтаған», — деп мәлімдеді қорғаушы Жанар Балғабаева.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Бишуиновтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Жоғалған күні белсенді Худайшүкір Абдуллаев пен Асылбек Қараевпен бірге Талғар аудандық әкімдігіне барған. Мырзатайұлының жиі көтеретін тақырыптарының бірі қытай азаматтарына жер берілуі мәселесі еді. Әкімдіктен шыққаннан кейін, әрқайсы өз көліктерімен кеткен, алайда Бишуинов сол күні үйіне жете алмай кетті.
Туыстары мен белсенділердің айтуынша, Бишуиновтың көлігі Талғар тас жолының бойынан, есігі ашық тұрған күйі табылған. Телефондары сөндірулі, ал өзі із-түзсіз жоғалған. Келесі күні Алматы қалалық полиция департаментіне барған белсенділерге Бишуиновтың уақытша ұстау изоляторында екені хабарланған.
Саяси қудалау ма?
Блогердің туыстары мен жақтастары оның ұсталуын саяси қудалау деп санайды. Себебі соңғы кездері Бишуинов әлеуметтік желіде шетелдіктерге жер беру мәселесін жиі көтеріп, өткір пікірлер білдіріп жүрген. Әсіресе, Қытай азаматтарына жер сатуға қарсы жазбалары қоғамда кең талқыланған еді.
«Мирболат – желтоқсан оқиғасына қатысқан, өмір бойы ел мүддесін қорғап жүрген азамат. Талғарда төрт гектар жерді Қытайға сатқанын көрдік. Құжатта қытайды ауыл тұрғыны деп жазып қойыпты. Біз әкімге айттық: «көрсетші, мынау ауыл тұрғыны ма, сен әкімсің ғой» деп. «Жоқ, ол бұл жерде тұрмайды, Алматы қаласында тұрады» дейді. Енді осындай заңсыздықтар болып отыр», — деді жақтасы Абдуллаев.

Абдуллаевтың айтуынша, Талғарда түсірілген бейнежазбалар Мирболат үйіне жеткен соң желіге шығу керек еді. Сондай-ақ, Мирболаттың жұбайы оның денсаулығының нашарлап кеткенін айтып отыр.
«Мирболат әуелі Аягөздің, яғни Семей ядролық полигонының тумасы, кейін әскери борышын Клинцы қаласында, Чернобыль маңындаға өтеген. Оның миына кететін тамырдың елу пайызы бітелген. Ол ылғи да дәрі ішіп отыратын. Бұрыннан уланған адамға енді денсаулық жайлы не айтуға болады? Денсаулығы нашар» – дейді ол.

Еске сала кетсек, қыркүйектің басында Алматы қаласында журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция ұстаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық