Белгілі спортшының отбасында құлдықта болған Мұқанның ісі бойынша тың дерек шықты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Солтүстік Қазақстан облысындағы белгілі спортшының күйеуінің үстінен Мұқанды құлдықта ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Мұқанның адвокаты Orda.kz редакциясына сұхбат берді.
Еске салар болсақ, Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Мұқан Негматов өз тағдырының қорқынышты беттерін аша отырып, танымал спортшының отбасында құлдықта болғанын мәлімдеді. Orda.kz редакциясына берген сұхбатында ол еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айша Уәлишан мен оның күйеуі Әлфараби оны 10 айдан астам уақыт бойы қорқытып, еркінен тыс құлдықта ұстағанын айтты.
Мұқанның адвокаты Ерасылдың айтуы бойынша қылмыстық іс ақпан айында тоқтатылған. Себебін — «қылмыс құрамының болмауы» деп айтқан.
«Мұқан өзі келген, еркін жүрген, ешқандай шектеулер болмаған деген қорытынды жасалды, Қылмыстық іс ақпан айында жабылып қалған, бірақ біз қайта шағым түсіреміз», — деді Мұқанның адвокаты Ерасыл Тұрсынбекұлы.
Ал Мұқанның ағасы Асқар оның қазір ем қабылдап жатқанын, әлі де тілінің күрмеліп жүргенін айтты. Мұқан 10 ай құлдықта болған кезде өте көп психологиялық жарақаттар алып, дұрыс сөйлей алмай қалған.
Күдікті Мұқанның расында да өз үйінде он айдан астам тұрғанын мойындаған, бірақ бәрі ерікті түрде болған дейді. Ешкімнің ұрмағанын, күштеп ұстап отырмағанын, жұмысты да өз еркімен істегенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық