23 жасар Мұқан: Азия ойындары жүлдегерінің құлдығында

Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Мұқан Негматов өз тағдырынының қорқынышты беттерін аша отырып, танымал спортшының отбасында құлдықта болғанын мәлімдеді.
Orda.kz редакциясына берген сұхбатында ол еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айша Уәлишан мен оның күйеуі Әлфараби оны 10 айдан астам уақыт бойы қорқытып, еркінен тыс құлдықта ұстағанын айтты. Енді Мұқанның отбасы халық пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрап отыр.
Спортшы отбасында 10 ай құлдықта
«Мен құлдықта болған жер – Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Жасқайрат ауылы. 2021 жылы аялдамада таныстық, бір аптадай бірге пәтер жалдап тұрдық. Сосын олар ауылына, мен Алматыға кеттім. Бірақ телефон арқылы хабарласып тұрдық. 2023 жылы әуежайда жұмыс істеп жүргенмін. Ол маған «жұмыс бар, 500-600 мың теңге төлеймін, келемін десең, жолыңа билет алып берейін» деп шақырды. Негізі Түркияға кетуге құжат жинап жүргенмін. 28 қыркүйек күні Алматыдан Астанаға келдім. Сөйтіп, әрі қарай ауылға кеттік, бірақ нақты олардың ауылына баратынымызды да білген жоқпын. Шөп шабатынымызды, менің Әлфарабиге көмектесетінімді айтқан. Бір аптадай бәрі жақсы болды, бірақ жұмысқа кірісе алмадық. Мен одан жұмысты қашан бастайтынымызды сұрадым. Бір күні досымен бірге ішіп келіп: «Южан, ежик, кете алмайсың, кететін болсаң, денсаулығыңды немесе ақша қоясың» деп тиісті», — деді Мұқан.
Оның сөзінше, осы оқиғадан кейін ол қашуға әрекет жасаған. Алайда айнала су болғандықтан, алысқа кете алмады. Көп ұзамай көлікпен артынан қуып жетіп, оны ұрып-соғып, өзінен 3 миллион теңге қарыз алғаны туралы қолхат жаздырып алған. Мұнымен қоса, видеоға да өз еркімен келгенін мәжбүрлеп айтқызған.
Осылайша, 10 ай бойы ол өзін құлдықта ұстаған отбасының малын бағып, шөбін жайғастырып, басқа да ұсақ-түйек шаруасын атқарып келген. Ал оның жұмысы ұнамай қалса, қолына түскен затпен ұрады екен.
«Әкесі де айырмен, күрекпен ұрды. Қыста досы Толқын (Әлфарабидің досы – Ред.) екеуі ішіп келіп, зорлық әрекеттерін көрсетті. Тіпті қолын шалбарыма салды. Үйдегілерден екі рет ақша алдыртты. Яғни, менің бүйрегіме операция жасап жатыр деп хабарласты. Әйелі медбике секілді сөйлесті», — дейді ол.
Мұқан оның нағашы туыстары мен достарына денсаулығына қаражат керек деп хабарласып, олардан қарыз алғанын, кейін онлайн-казиноға жұмсап жібергенін айтады. Әлфарабидің үйіне қонақ келгенде, Мұқанды дастархан басына отырғызып, суретке түсіріп, оны дәлел ретінде пайдаланып отырған.
«Бір күні әдеттегідей мас болып моншаға досымен келіп, мүшесін аузыма салмақ болды. Мен бас тартып едім ұрып тастады, есімнен танып қалдым. Мені ғана емес, кәрі ата-анамды аямады. Күнкөріс үшін ұстап отырған жалғыз сиыр мен бұзауды сатқызып, ақшасын ойынға жұмсады», — дейді Мұқан көзіне жас алып.
Әлфараби мен досы Толқын екеуі бірнеше рет несие алмақ болған. Қайта-қайта сауал жіберіп, микронесие алып тынған. Мұқанға қашуға мүмкіндік бермей, оның артыннан Әлфарабидің әкесі немесе әйелі Айша аңдып жүрген.
Қашқанымен, қауіптен құтыла алмады
Ауыл тұрғындары бұл отбасы бәлеқор деп, Мұқанға көмектесуден бас тартқан.
«Диас деген аңқау жігіттің телефонын алып, Асқар ағама хабарластым. Ағам «қаш» деп кеңес берді. Диасқа 10 мың теңге жіберді, ол маған ақшаны әкеліп берді. Диас маған оны шығарып қора жаққа әкеп берді. Дәл сол кезде қаша алмадым. Бір күні Айшаның көзін ала бере қашып шықтым. Ауылдан ұзап кете алмадым, жаңбырлы екі күнде қамыстың арасында жасырындым. Үшінші күні ауыл тынышталған кезде Қазпошта көлігімен орталыққа жетіп, ағаммен хабарластым», — дейді Мұқан.
Жәбір көрген Мұқан әділдік іздейді
Қазіргі таңда заңгер Нұрболат Ибраев Мұқанның атынан арыз жазып, тергеуге тегін көмек көрсетіп жүрген жалғыз белсенді. Orda.kz редакциясы бұл күресте Мұқанның жағдайын Нұрболат мырзадан сұрады.
«Тергеу барысында Әлфарабимен кездесу болды. Ол Мұқанды танитынын мойындады. Бірақ құлдықта болғанын және зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындамады. Қылмыскер ешқашан кінәсін мойындамайды. Қазіргі таңда Мұқан бауырымыздың денсаулығына және әділеттілікке жету үшін біршама қаражат керек. Қазір мен тегін көмектесіп жатырмын. Құлдықта болған күндері Мұқанның денсаулығына біршама зақым келген. Сарапшыларға, адвокаттарға және емі үшін де қаражат керек», — дейді заңгер Нұрболат
Заңгердің айтуынша, Әлфараби Мұқаннан бұрын 12 жасар жетім баланы құлдықта ұстаған.
Мұқан үшін сұхбат беру оңайға соқпады, себебі ол құлдықта болған уақытында алған физикалық және психологиялық жарақат салдары әлі де әсер етуде.
Orda.kz редакциясы Мұқанның әділдік жолындағы күресін әрі қарай қадағалап, тергеу барысы мен оның денсаулығына қатысты жаңалықты халыққа жеткізіп отыруға ниетті.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры