Белгілі сценарист Нұрлан Санжар ауруханаға түсті
Коллаж: Orda.kz
Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар дәрігерлер «жазылмайтын» деп айтатын өкпе ауруына шалдыққан. Бүгін ол терапия алу үшін ауруханаға жатқызылды.
Orda.kz тілшісі Дидар Қайрат бұл туралы Facebook парақшасында хабарлады.
Ол қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты. Қазір Нұрлан Санжар медициналық көмекке мұқтаж. Бүгін ол терапия алу үшін ауруханаға жатты.
Ол – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Жүздескенде Нұрлан Санжар отбасылық қиындықтары туралы да ашық айтқан еді. Оның ұлы мүгедек, ал жұбайы ауыр ота жасатқан.
Orda.kz бұған дейін жазушыдан сұхбат алған болатын.
Бүгін хабарласқанымызда жазушы ауруын жеңілдетіп, өмірін ұзартуға көмектесетін екі жол бар екенін айтты. Бірі – дің жасушаларын трансплантациялау, бірақ бұл бірнеше жылды қажет етеді. Оның үстіне, кейін қатерлі ісік қайта пайда болу қаупі жоғары. Екіншісі – Астанада трансплантация жасау, бірақ ол үшін қанша уақыт күту керектігі белгісіз. Донор табылмай қалса, бұл да өмірге қауіп төндіреді.
«Менің дәрігерім бұл мәселені зерттеп жатыр. Иә, енді ашық айтуға болады. Басты мақсатым – әйелім мен ұлым үшін тірі қалу. Жағдай өте ауыр. Созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші сатысында өмір сүру ұзақтығы орта есеппен алғанда жарты жылдан бір жылға дейін ғана. Маған қоғам мен биліктің көмегі ауадай қажет», — деді Нұрлан Санжар.
Orda.kz редакциясы жазушының жағдайының жақсаруын және отбасына оралуын тілейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық