Белгілі әншінің көлігінен 15 жастағы қыздың шіри бастаған мүрдесі табылды
Фото: Jhyphenn / Wikimedia Commons, public domain
Америкалық әнші Дэвид Берк (D4vd деген лақап атпен танымал) мінген көліктен 15 жасар қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құқық қорғау органдары 8 қыркүйекте көліктің ішінен жасөспірімнің денесін тапқан. BBC дерегінше, қаза тапқан қыздың есімі — Селеста Ривас. Ол 2024 жылдың сәуірінде, небәрі 13 жасында жоғалып кеткен. Содан бір жарым жыл өткенде оның әбден шіріп кеткен денесі иесіз тұрған Tesla маркалы көліктен табылды. Бұл көлік әншіге тиесілі болған.
Марқұмды киімі мен «Shhh» деген жазуы бар сұқ саусағындағы тату арқылы таныған. Жанкүйерлер бұл татудың әншінің өзінде де бар екенін бірден байқаған. Қыздың нақты қашан және қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз. Тергеушілердің айтуынша, сүйек қалдықтары толық сақталмаған, сондықтан Селестаның көп уақыт бұрын көз жұмғаны анық.
Дэвид Берк үш жыл бұрын TikTok-та кең тараған Here with Me және Romantic Homicide әндері арқылы танымал болды. Сондай-ақ оның Remember Me атты әні «Arcane» атты танымал сериалда саундтрек ретінде орындалған.
Қыздың анасы TMZ басылымына берген сұхбатында Селестаның «Дэйв» есімді жігітпен кездескенін айтқан. Бұған дейін Ривасқа ұқсайтын қыз әншінің әлеуметтік желідегі жазбаларында көрінген, бірақ оның жүзі толық көрсетілмеген.
Полиция Дэвид Берк тұрған үйге тінту жүргізді. Әзірге нәтижелері жарияланған жоқ. Әнші тергеушілермен ынтымақтасып, жұмыс істеп жатыр. Ресми түрде қамауға алынғаны жөнінде ақпарат жоқ. Әртістің концерттері тоқтатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық