Бажкеноваға өзін қорғауға мүмкіндік бермей жатыр — адвокат Мұрат Адам
Фото: Orda.kz
Адвокат Мұрат Адамның айтуынша, «Орда» сайтының негізін қалаушы Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамау туралы үкім оның сотта өз мүддесін қорғауына кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұрат Адамның мәлімдеуінше, 8 желтоқсанда сағат 11:30-да Алматы қалалық соты тергеу сотының Бажкеноваға үйқамақ санкциясын беру туралы қаулысына қатысты жеке шағымды апелляциялық тәртіппен қарайды.
Сонымен қатар, Бостандық аудандық соты Бажкеноваға қатысты істерді уақытша тоқтатты. Яғни, «Ордаға» рейдерлік әрекет жасалды деп қозғалған іс толық қаралып шыққанша оның үстінен ешқандай іс жүргізілмейді.
Қазір бас редактордың тікелей қатысуын қажет ететін екі азаматтық іс те қаралып жатыр. Бұдан бөлек, сот орындаушысының әрекеттеріне қатысты әкімшілік шағым да соттың қарауында.
«Осы жағдайлардың бәрі Гүлнәр Бажкенова үйқамақта отырған кезде сот отырыстарына өзі қатысып, өз мүддесін жеке қорғау құқығынан айырылғанын көрсетеді. Яғни, ол өзі арыз берген қылмыстық іс бойынша да, сондай-ақ ол жариялап көрсеткен Kaspi банкке қатысы бар тұлғалардың, оның ішінде Максат Ғаниевтің әрекеттерінен де қорғану құқығын пайдалана алмай отыр», — деді адвокат.
Гүлнәр Бажкенова 1 желтоқсаннан бері үйқамақта отыр. Дәл осы күні Алматыдағы тергеу соты оған қатысты бұлтартпау шарасын қолданған болатын. Дәл сол күні «Орда» редакциясының Алматы мен Астанадағы кеңселерінде тінту жүргізілді, журналистер ұсталып, тергеуге жеткізілді.
Адвокат Мұрат Адамның айтуынша, ол полицияның тінту барысындағы заңсыз әрекеттеріне, сондай-ақ редакцияның және Гүлнәр Бажкенованың жеке мүлкін полицейлер алып кетуіне байланысты полицияға бірнеше өтініш жолдаған. Сонымен қатар, Бас прокуратураға және Алматы қаласының прокуратурасына да шағым берген. Бұған қоса, адвокат өз кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етіп, арыз түсірді.
Еске сала кетсек, құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») мен 174-бабы («Араздық қоздыру») Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен блогерлерге қысым көрсету құралына айналған. Ол бұл істерді марқұм Айдос Садықов пен Мұрат Нұртілеуге қатысты Orda.kz жасаған материалдармен байланыстырды.
Сондай-ақ, «Журналистерді қорғау комитеті» билікті Бажкеноваға қарсы істі доғаруға шақырды.
Жаңалықтар
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті