Басы дауға қалған Дәулет Тұрлыхановтың 2 жылға сотталған ұлы жазаланбайды
Фото: Анна Чернова / Instagram
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың 2 жылға бостандығына шектеу қойылған ұлы Нұрасыл Болат түнделетіп жүргені үшін жазаланбайды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғанға қатысты үкім орындау үрдісі 14 тамыздан басталатыны айтты.
«Заңға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адам есепке тұрған сәттен бастап жүзеге асырылады. Егер оның сот жүктеген міндеттері болса, онда ол оларды орындауға міндетті. Егер ол талаптарды екі рет бұзса, іс материалдары үкімді нақты мерзімге ауыстыру үшін сотқа жіберіледі» делінген қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасында.
Видео 14-ші тамызға қараған түні жарияланғанына қарамастан қылмыстық-атқару жүйесі бұған қатысты ешқандай жаза болмайтынын айтты.
Алайда адвокат Олег Чернов депутаттың ұлы заңбұзушылық жасағанын айтады.
«Үкім жарияланғаннан кейін Нұрасыл Болат пробациялық бақылауға алу үшін 10 күн ішінде құжаттарын тапсыруы керек еді. Ол соттың нұсқауын орындады ма, орындамады ма, оны прокуратура тексеруі керек. Алайда Болат үкімді орындаудан жалтарған. Сондықтан бұл пробациялық бақылауды бұзу болып саналады», — деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Анна Чернова өзінің әлеуметтік желісінде Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде серуендеп жүрген видеосына шағым айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық