«Бастапқы келбеті бұзылмайды»: Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай жөндеу жүргізіліп жатыр
«Бастапқы келбеті бұзылмайды» — Ауэзов театры ғимараты жөндеуден кейін қалай өзгеретіні туралы Мәдениет министрлігі түсіндірді. 2026 жылы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мерейтой қарсаңында театр 1981 жылдан бері орналасқан ғимаратта ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша сахналық жабдықтар, жарық және дыбыс жүйелері, инженерлік коммуникациялар жаңартылады.
Министрлік өкілдері ғимараттың бастапқы сәулеттік келбеті толық сақталатынына сендірді.
«Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін театр инклюзивтілік бойынша заманауи талаптарға сәйкес келеді: мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жағдай жасалып, навигация мен қолжетімділік бойынша озық шешімдер енгізіледі», деп мәлімдеді Мәдениет министрлігі.
Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи мәдениет орталығына айналмақ. Бұл ретте тарихи құндылық пен дәстүрлер де сақталады.
Бұған дейін алматылықтар театрдың қасбетін сыпырып тастауға қатысты наразылықтарын білдірген болатын.
«Бұл – қала үшін үлкен қасірет әрі кезекті мәдениет ордасын жоғалту болмақ» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Осыған ұқсас пікірлерді қала тұрғындары мен сәулетшілер Республика сарайы жөнінде де айтқан еді. Олардың пікірінше, кеңестік Қазақстан астанасының архитектуралық жетістігі саналатын бұл нысан 2011 жылғы қайта жөндеу кезінде өз келбетінен айырылып қана қоймай, техникалық сипаттамаларын да жоғалтқан: желдету мен кондиционер жүйелері бұзылып, ішкі атмосфера тарылып кеткен.
2020 жылдың өзінде-ақ Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеу институты мен сәулетші-дизайнер Нұрлан Төреханов бірігіп жасаған Алматының тарихи орталығын жаңарту туралы жобасы жергілікті тұрғындар мен қоғам белсенділері арасында сынға ұшыраған болатын.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінде не істеп жүр?
- «Рөлде қарындасым болған»: Жамбыл облысындағы полиция басшысының видеосы тарады
- Тоқаев Кипр президентіне Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды
- Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
- Депутат әлеуметтік желідегі пікірлер үшін сотталғандарға амнистия беруді сұрады
- Азат Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін «айыппұлстан» сөзіне қайтадан түсініктеме берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
- 75 мың доллар пара беру кезінде ұсталды: Бұрынғы вице-министрлер ісі бойынша сотта не айтылды?
- Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
- Burger King-ке 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
- Рақымшылық-2026: Кімдер босатылады, кімдерге кешірім жоқ?
- Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырып ұсталды
- ШҚО әкімі бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың сот үкімінен кейін отставкаға кетпекші болды
- Мемлекет басшысы Италия президентін Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады
- Израиль парламенті — Кнессет өзін-өзі тарату туралы заң жобасын ұсынды, елде жаңа сайлау өтеді
- Қызылқұм шөлінде жаңа көл пайда болды
- Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға шығады
- Президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады
- Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
- Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау – конституциялық міндет