Бас прокуратура Перизат Қайрат ісі бойынша үкімге түсініктеме берді
Коллаж: Orda.kz
Прокурор Мәдина Орзалина Перизат Қайраттың ісін азаматтардың сенімін теріс пайдалану бойынша ең ауқымды істердің бірі деп атап, бұл үкімнің қайырымдылықты бүркемелеген алаяқтарға сабақ болатынын жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік деңгейін ескере отырып, біз соттан нақты жаза тағайындауды сұрадық. Перизат Қайратқа – 10 жыл, Ғайни Алашбаеваға – 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу. Сонымен қатар, Ғайни Алашбаева банк шоттарын ұсынып, құрбандарды алдауға атсалысқан. Бұл іс бойынша жалпы 51 жәбірленуші бар, бас-аяғы 1,5 млрд теңге көлемінде талап қойылды», – деді Орзалина.
2021 жылдың қазанынан 2024 жылдың қарашасына дейін Қайрат Перизат пен Алашбаева «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры арқылы 3,5 млрд теңгеден астам қаржы жинаған.
Оларды мынадай жерлерге «жұмсадық» деп көрсеткен:
- Балаларға арналған оңалту орталығын салуға (126,7 млн теңге);
- Палестина халқына көмек көрсетуге (566,5 млн теңге);
- Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға (2,8 млрд теңге) бағыттадық деп көрсеткен.
Шын мәнінде, бұл ақша ұрланып, бизнес сатып алу және жалған мәмілелер арқылы заңдастырылып, артынша элиталық жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және қымбат бұйымдарға жұмсалыпты.
Айта кетейік, бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімді жария етті. Сот Перизат Қайратты 10 жылға ал оның анасын Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, олардың мүлкін тәркілеп Перизат Қайраттың мемлекеттік марапат – «Шапағат» медалінен де айырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық