Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
Фото: gov.kz
Бас прокуратура жүргізген талдау арқылы соңғы екі жылда қаралған қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы 66,5 млрд теңге залал келтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет мүддесін қорғау жай ғана міндет емес, прокуратура органдары қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі. Прокуратура органдары қылмыс салдарынан мемлекетке келтірілген және өтелмей қалған залалды анықтау, сондай-ақ қаражаттың бюджетке нақты қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл ретте 30,1 млрд теңге мүлдем өндірілмей қалған. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекетке келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюларды бермеуі.
Талдау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мемлекеттің мүліктік мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған мақсатты жұмыс ұйымдастырды.
Прокурорлар жалпы сомасы 30,1 млрд теңгеге 6 ұсыну, 3 наразылық және 27 талап қою енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 651 млн теңге мемлекет кірісіне нақты өндірілді. Залалдың қалған бөлігін өндіру туралы талап қаралып жатыр.
Соның бір мысалы, Қызылорда облысындағы іс. Екі азамат ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 63 автокөліктің техникалық құжаттарына өзгерістер енгізген. Соның салдарынан 16 автокөлік бойынша 115,3 млн теңге кедендік төлем, ал 63 автокөлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 460,6 млн теңге алым бюджетке түспеген.
Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін уәкілетті орган сотқа жүгініп, 575,9 млн теңгені мемлекет пайдасына өндірді. Бұл прокуратураның мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған жұмысының нақты нәтижелерінің бірі.
Басты мақсат нақты нәтижеге қол жеткізу, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қалпына келтіріп, қаражаттың бюджетке нақты қайтарылуын қамтамасыз ету. Бюджетке қайтарылған әрбір теңге мемлекет пен қоғам игілігіне қызмет етуге тиісті қаражат.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық