«Бармағымды кесемін»: Марат Жыланбаевтың адвокаты оның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді
Фото: Instagram/ Марат Жыланбаев
Әлем бойынша сахараны жүгіріп өткен жалғыз марафоншы, қазақстандық танымал белсенді әрі саяси тұтқын Марат Жыланбаевтың жағдайы аштық жариялағаннан кейін күрт нашарлап кетті. Марат Жыланбаевтың адвокаты оның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді. Адвокатының сөзінше ол наразылық білдіруін жалғастырып, енді мерзімсіз аштық жариялайтынын, егер бұлай бола берсе, аяғындағы бармағын кесетінін айтқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараевтың сөзінше 5 мамыр күні Марат Жыланбаевтың жұбайымен қызы онымен көрісуге барғанда әбден арықтап, құр сілдері қалғанын көрген:
«Кеше Марат Жыланбаевтың жұбайы қызы екеуі 5 мамыр күні онымен жолығуға барғандарын қоңырау шалып айтты. Оның аштық жариялағаннан кейінгі арықтаған түрін көргендерін айтты. Бірақ жігері мұқалмаған. Аштықты 2025 жылдың 26 наурызында бастап, 4 мамырда аяқтаған. Бұған дейін Мараттың жұбайына түрмеден хабарласып, өздері 2024 жылы рұқсат берген құралдардың бәрін алып кетуін сұраған. Ол жерде жонушы және суретші болып жұмыс істеу үшін қажет құралдар еді. Бірақ 5 мамыр күні отбасымен жолыққанда Марат құралдарын алмауды сұраған, себебі басшылықтың рұқсаты бар, ол бұл әрекетті заңсыз деп санайды. Ал құралдарын 2 жүк көлікпен шығарған. 5 мамырда аштықтан соң Мараттың іші өте бастаған. Түрмедегі дәрігер «ішек микрофлорасы» деп Линекс дәрісін жазып береді. Марат 14 мамыр күні ғана қалпына келеді», — деді Мейіржан Досқараев.
Оның сөзінше 14 мамыр күні Марат жатқан түрме қызметкерлері кіруге болмайтын қауіпсіз жерге бірнеше түрме офицерлері кіріп, оның құжаттарын, ыдыстарын, орамалын, күнтізбесін, дәрілерін, оятатын сағатын және төсек жапқышын алып кетеді. Марат оған наразылық білдіріп, өз құқықтарын айтып құқықты сақтауды сұрайды. Бір қызығы,сол жерде олар барлық дүниені қалдырып, тек төсек жапқышын алып кетеді. Марат төсек жапқышын алып кетер болса, жерге жататынын айтып наразылық білдірді. Сонымен қатар адвокаты 6 мамыр күні түрме бастығының орынбасары Боранбай Алмас Сағымбайұлы Марат Жыланбаевты шақырғанын мәлімдеді.
«Әңгімелесіп отырғанда Алмас Боранбай әлденеден адамдардың бәрі қорқатынын айтып, дұға оқи бастаған және Маратқа тағдырға көніп, Алланың дегеніне мойынсұну керегін айтқан. Ол сонда ғана сурет салып, жұмыс істеп, жүгіре алатынына сене берсе болатынын айтқан. Марат ешкімнен қорықпайтынын және оған бұлай істеуге болмайтынын айтқан. Егер қысымды тоқтатпаса, мерзімсіз аштық жариялайтынын, оған болмаса аяғындағы бармағын кесетінін айтқан. Алайда түрме басшылығы өз саясатын жалғастырып, Мараттың өте ауыр жағдайда қалдырып қысым жасап жатыр. Айта кету керек, 2025 жылдың басынан бері ол бірде бір газет алмады, бірде бір хат алмады. Оның арыз, шағым хаттары, түрме қабырғасынан асып шыға алмады. Марат келесі аптада хабарласпаса, оған бірдеңе болып қалуы мүмкін екенін айтқан. Отбасы осыған алаңдап отыр. Олар адам құқықтары жөніндегі комитетке хабарласты», — деді Мейіржан Досқараев.
Еске сала кетсек, Марат Жыланбаевтың түрмеде отырып жолдаған хатын Orda.kz ықшамдап жариялаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық