«Баланың еміне жиналған 481 млн»: Елден жылу жиған ерлі-зайыптыларға қатысты тергеу аяқталды
Фото: freepik.com
Баласының еміне деп халықтан жылу жинап, қаражатты жеке бас пайдасына жұмсаған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметі бойынша, ерлі-зайыпты Тотақановтар денсаулығында кінәрат бар баланы бейнеге түсіріп, әсерлі бейнежазбалар дайындаған. Кейін оны Instagram және Facebook арқылы жарнамалап отырған. Сол арқылы айыпталушылар 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинаған.
Алайда, баланың еміне тек 6,4 миллион теңге кеткен. Ал қалған қаражатты ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.
Олар елордадан 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алған. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған.
Ең сорақысы, қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігі — 481 миллион теңгеден астам ақшаны әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға жұмсаған. Meta Ads арқылы жүргізілген жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.
Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген сылтауды да пайдаланған. Қажетті қаражат жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпарат салған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген.
Күдіктілер үйқамаққа алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
Айта кетейік, Шу ауданындағы мектептердің бірінде оқу ісінің меңгерушісі ауылдастарының зергерлік бұйымдары мен қаражатын ұрлап кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық