Жамбыл облысында оқу ісінің меңгерушісі ауылдастарын тонап кетті
Фото: Envato
Шу ауданындағы мектептердің бірінде оқу ісінің меңгерушісі ауылдастарының зергерлік бұйымдары мен қаражатын ұрлап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол ұрланған бұйымдарды Тараздағы сауда орталықтарына сатып жіберген. Тінту кезінде меңгерушіден ақша мен зергерлік бұйымдар табылды.
Жамбыл облысының полиция департаменті 23 шілде күні кезекші бөлімге жергілікті тұрғыннан арыз түскенін мәлімдеді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның үйіне терезе арқылы кіріп, алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткен.
«Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен Шу ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі бойынша (тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады департамент.
Тергеу барысында ұсталған адамның жалпы 3 450 000 теңге болатын мүлікті ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Оқу ісінің меңгерушісі қылмысын мойындады.
Айта кетейік, СҚО-да 3 аудан әкімі бірдей сотқа тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық