Балалар айқайлап, жылап, талып жатыр: Бағанашылдағы балалар үйіне депутат келді
Фото: Бейнежазбадан кадр
№1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Бағанашылдан Қонаев қаласына көшіру мәселесі әлі де шешілмей отыр. Оқиға орнына мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек пен қоғам белсендісі Аружан Сайын келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Көшеде көшіруге қарсы болған балалар айқайлап, жылап, талып қалып жатыр. Кейбірі полицейлерге тап беріп, автобусты шайқап, жүргізбей тұр.
Бақытжан Базарбек жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіріп, бірнеше маңызды сұрақ қойды:
«Мен балаларды түсінемін. Өзімді олардың орнына қойып көруге тырыстым. Бұл көшудің артында қандай себеп жатыр? Егер барлық бала Қонаевқа көшсе, бұл ғимараттың болашағы не болмақ? Балалар үйін сүріп, орнына элиталық коттедждер мен пентхаустар салғалы жатқан жоқ па? Барлығы ашық әрі жария түрде болуы керек. Бізге балаларды көшіру жоспарланған Қонаевтағы жаңа мекемеге және Бағанашылдағы қазіргі ғимаратқа қатысты барлық құжаттарды көрсетуі тиіс. Қонаевтағы ғимарат мемлекет балансына қабылданған ба? Маған оның қабылданбағаны айтылды. Ал Бағанашылдағы ғимараттың сейсмикалық тұрақсыздығы туралы қорытындыны көздеріңізбен көрдіңіздер ғой?».
Полиция өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме бермей отыр.
Қоғам белсенділерінің бір бөлігі таңертең автобуспен Қонаевқа жеткізілген балалардың жағдайын білу үшін сол жаққа бет алды.
Ал Алматы облысы әкімдігінен Базарбек пен қалған белсенділер Бағанашыл мен Қонаевтағы ғимараттарға қатысты барлық құжаттарды жариялауды талап етіп жатыр.
Айта кетейік, оқиға орнындағы Orda.kz тілшісі тікелей ақпарат таратып отыр. Ол таңертең ғана балалар үйінің тәрбиеленушілері көлікке мінбей, қарсылық танытып жатқанын хабарлаған еді. Балалар арасында бір қыз есінен танып қалды, тағы бір бала қолын жарақаттап алды. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық