Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы: Әрбір қылмыскер заң бойынша жауап береді
Скриншот: Instagram @aida_balayeva
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күніне байланысты Қазақстан халқына видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Видеоны министр Instagram парақшасында жариялады. Шенеунік зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығын еске салды.
Оның айтуынша, күн сайын дүние жүзінде жүздеген әйелдер физикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді.
«Ажырасу әйелдерге қудалаудан құтылуға әрдайым көмектеспейді. Олардың көпшілігі үндемейді, ұялады немесе не болып жатқан нәрсені айтуға қорқады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тек қорлау және құқықтарын бұзу ғана емес, сонымен қатар гендерлік теңдікке елеулі кедергі болады», - деді Балаева.
Сонымен қатар ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жеке отбасының ғана емес, жалпы қоғамның проблемасы екнін атап өтті.
«Зорлық-зомбылыққа жол бере отырып, біз әділдік пен теңдікке орын жоқ қоғам құрамыз», - деп есептейді министр.
Сондай-ақ ол елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды. +7 776-577-92-67 нөміріне хабарласқандарға тегін психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі.
Оның айтуынша, еліміздегі әрбір әйел өзін қауіпсіз және еркін сезінуі керек.
«Сіздің мәртебеңіз бен қаржылық жағдайыңызға қарамастан әр қылмыскер өз әрекеті үшін заң бойынша жауап береді», - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық