Балаева, Қарин және Досаевпен кездесу: «Өзбекстан ханшайымы» Алматыға не үшін келді?
Фото: instagram / saida_mirziyoyeva
17 наурыз күні Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиеева Алматыдағы Абай атындағы ұлттық опера және балет театрына келді, деп жазады Orda.kz.
Саида Мирзиееваны «Лазги – Жан мен Махаббат биі» балетінің премьерасында мәдениет министрі Аида Балаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин және Алматы әкімі Ерболат Досаев қарсы алды. Өзбекстан президентінің қызы осы кездесуден түсірілген суреттерін әлеуметтік желіде жариялады.
saida_mirziyoyeva
Саида Мирзиеева бұған дейін Instagram парақшасында Алматыға сапары жайлы хабарлаған еді.
«Мұндай мәдени шаралар өнеріміздің сұлулығын ашып қана қоймай, халқымыз арасындағы достық пен бауырластық байланыстарын нығайтып, өзара қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Біз Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге өз үлесімізді қосуды мақсат етеміз. Халқымыз арасындағы келісім мен бірлік мызғымас тұтастық орталығына айналады деп сенеміз», – деп жазды Мирзиеева.
Бұған дейін ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы туралы бірнеше рет айтқан.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 5 тамызында Астанада Zakovat интеллектуалдық ойындар турнирінің ашылуында сөйлеген сөзінде Саида Мирзиеева соңғы жылдары екі ел арасындағы жағдайдың қалай өзгергенін атап өткен еді.
«Неліктен мен бүгін өзімді Қазақстанда үйдегідей сезінемін? Бұрын қалай болғанын есіңізде ме? Менің есімде. Салқын қарым-қатынас. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекарада сағаттап кезек күту. Сенімсіздік. Біз өзімізді үйдегідей сезіне алдық па? Ал бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас – бүкіл әлемге үлгі», – деген еді Мирзиеева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық