Балабақшаға қатысты барлық қызметті енді қашықтан алуға болады

cover

Пандемия кезінде ата-аналардың балабақша қызметтерін қашықтан ала алуы өте маңызды. Бұл туралы өзінің Telegram-каналында Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Малика Бектурова айтты, деп хабарлайды ORDA.

«Бұл функционал пилоттық режимде жұмыс істейді. Күн сайын қосылған балабақшалар саны көбейіп келеді», - деп жазды Бектурова.

Ата-аналар қандай артықшылықтарға ие:

  • Қашықтан тіркеу;
  • Құжатты басып шығарудың қажеті жоқ, ол цифрлы жүйеде;
  • Құқықтық қорғаудың кепілдігі;
  • Шенеуніктермен және балабақша өкілдерімен тікелей байланыс жоқ;
  • Ата-анасының келісімінсіз баланы тіркеу мүмкін емес;
  • Қызмет құны мүлдем ашық.

«Бұл әдістен білім беру ұйымдары да ұтады, өйткені құжат айналымы азаяды, шығындарды икемді басқару пайда болды және тағы басқа мүмкіндіктер бар. Жақында ваучерлік қаржыландыру және QR кодының көмегімен келуді автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі пайда болады», - деді әкім орынбасары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар