Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
Фото: Бақытжан Базарбектің парақшасынан
Депутат Бақытжан Базарбек мәжіліс дәлізінде Ботагөз Омарованың ісі мен коммуналдық төлемге енгізілген мораторий туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салсақ, қазақстандық журналистер Ботагөз Омарованың ісіне байланысты Тоқаевқа үндеу жасаған болатын. Ботагөз полиция бөлімінде сегіз сағаттан астам уақыт болып, 21 наурызға қараған түні, сағат 01:00 шамасында тергеу соты өтіп, оның қорытындысы бойынша Ботагөз Омароваға екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ал түнгі сағат 03:00-ден 05:00-ке дейін полиция оның пәтерінде тінту жүргізді.
«Ботагөз Омарованың ісінде шындық ашылады, заң тұрғысынан дұрыс бағаланатын болады. Себебі, ол үшін кепілгер болған адамдар бар, оның ішінде мен де бармын. Оның тергеу органдары нұсқамаларын қатаң сақтап, ешқайда қашып кетпейтініне, іске жауапкершілікпен қарап, құзырлы органдардың тергеуіне уақтылы қатысып, дер кезінде жауап беретініне сенімдімін», — деді ол.
Сонымен қатар журналистің «бұны әдейі істелген арнайы тапсырма деп ойламасыз ба?» деген сұрағына да жауап берді.
«Жоқ, мен мұны арнайы тапсырма деп ойламаймын. Әр істің өз ерекшеліктері болады, сондықтан бәрін заң аясында ғана қарастырып, әр айыпталған адам өзін қоғауы керек. Себебі мұндай айып кез-келген адамға тағылмайды», — деді Базарбек.
Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» заңына сәйкес, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін бірқатар жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Атап айтқанда, егер ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сөзін дәл келтірсе немесе ресми дереккөздерден алынса, жауапкершілік жүктелмейді.
Сонымен қатар, депутат бүгін 1 сәуір күні коммуналдық төлемдер мен жанар-жағармай бағасының көтерілмеуіне берілген мораторий күшін жойғанына қатысты, тарифтер көтеріліп кетпей ме, деген сұраққа да жауап берді.
«Бұл бүгінгі күнде ең маңызды тақырыптардың бірі. Коммуналдық төлемдерге арналған тарифке мораторийді ұзарту қажет. Біз бұл туралы депутаттық сауал жолдадық, сондықтан күте тұрайық. Дегенмен баға шарықтап кетпейді деп ойлаймын. Құзырлы органдар одан әрі қалай жұмыс істейтіндері туралы жоспарымен бөлісуі керек. Онсыз да тарифтер өте жоғары одан әрі көтерілсе — халықтың қалтасы көтермейді», — деді ол.
Депутат үкімет жақын арада тарифтерді көтеру туралы мәселе қозғамауы тиіс деп ойлайтынын жеткізді.
Еске салсақ, Қазақстанда коммуналдық қызметтердің (жылу, электр, су, кәріз, газ) тарифтерін көтеруге енгізілген мораторий 2026 жылдың наурыз айының соңында аяқталды.
Бірақ бағаның нақты өсуі маусымнан ерте болмайды, себебі жеткізушілердің өтінімдерін қарау 40-тан 90 күнге дейін созылады. Ал кейбір сарапшылардың пікірінше тарифтер бірден өспейді, компаниялардың өтінімдері мен есептері негізінде әр сала жеке қаралатын болады.
Оқи отырыңыз:
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру - қылмыс
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық