Шерзаттың ағасы Тоқаевқа үндеу жолдады
Фото: Видеодан алынған кадр
Марқұм Шерзат Болаттың ағасы Рейімов Мейірбек Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың әпкесін 15 күнге қамаған еді. Қаржаубай Нұрымовтың туысы Бақыт Рейімова «жұртты митингіге шақырды» деп айыпталды. Бұған қоса, басқа елдің азаматы болғаны үшін Қазақстаннан депортацияланбақ. Осы жағдайдан кейін, Бақыт Рейімованың ұлы Мейірбек Бақытұлы Тоқаевқа үндеу жолдады. Жасөспірім анасының жалғыз асыраушысы екенін мәлімдеді.
«Менің анамды сот 15 тәулікке қамады және Қазақстан аумағынан шығармақшы. Менің анам Рейімова Бақыт менің жалғыз асыраушым. Мен кәмелет жасына толмаған баламын. 11-сынып оқимын», - деді Мейірбек Рейімов.
Бақыт Рейімованың перзенті анасының Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ екенін айтты.
«Менің анамнан басқа ешкімім жоқ. Мені анамнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ. Біз қазақпыз. Егер сот анамды Қазақстан аумағынан шығаратын болса, мен анамды 5 жыл көре алмаймын», - деді ол.
Жасөспірім Тоқаевқа үндеу жолдай отырып, бұл мәселеге өзінің жеке араласуын сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық