Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Фото: Ақорда
Үкіметтің кеңейтілген отырысы еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгілейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Олжас Бектенов мемлекет басшысы қойған ел экономикасын одан әрі нығайту міндеттеріне және Қазақстан халқына Жолдауда айқындалған стратегиялық мақсаттарға сәйкес, Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар шараларды қабылдағанын атап өтті.
Салық, тарифтік және бюджет саясаты салаларында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканың дамуын тежеп отырған құрылымдық теңгерімсіздіктерді кезең-кезеңімен жоюға бағытталған.
«Салық және бюджет реформасы нәтижесінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттерсіз елдің үш жылдық бюджеті қалыптастырылды. Бюджет тапшылығын 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін жоспарлы түрде қысқарту көзделген. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді», - деді Олжас Бектенов.
Өткізілген реформалар аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың тұрақты өсімін сақтау мүмкін болғаны атап өтілді. Ақшалай мәнде ЖІӨ-нің өсімі 20,1 млрд АҚШ доллар болды.
Олжас Бектеновтің баяндауынша, жалпы алғанда, 2025 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6,5% болды. Экономикалық өсім негізгі салалардың жедел дамуымен қамтамасыз етілді: көлік саласы – 17,8%, құрылыс – 14,6%, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%, сауда – 26% және ауыл шаруашылығы – 5,9%.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық