Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
Фото: Facebook/ kazakhfilmstudios.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Қаратайқызы Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атағын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М.Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды», деп хабарлады Ақорда.
Мерует Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Марқұм актер Құман Тастанбековтің жары әрі Жібек, Томирис есімді қыздардың және Фараби есімді ұлдың анасы.
Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағанында «Қыз Жібек» киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алады.
1982 жылы «Қарагөз» қойылымындағы Қарагөз рөлі үшін Мәскеудегі бүкіл одақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. 1982 жылы Қазақстан еңбек сіңірген әртісі атағын иеленіп, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болды. 1991 жылы КСРО кинематографистер одағының мүшесі болып, 2008 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұдан өзге 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.
Айта кетейік, Елдос Сметов Олимпиададан кейін сыйға алған Mercedes көлігін сатылымға қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық