БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
Фото: cyberum.ru
Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды. Тиісті шешімді елдің министрлер кабинеті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz Wam.ae агенттігіне сілтеме жасап.
Ел билігі қабылдаған жаңа заңға сәйкес, ендіші жерде 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашып, оны пайдалана алмайды. Шектеулер контент жариялау, пікір жазу, ашық топтарға қатысу және онлайн өзара әрекеттесудің басқа да түрлеріне қатысты.
Заңнамаға сәйкес, 15 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге платформаларды қолдануға рұқсат беріледі, алайда олардың аккаунттары қосымша шектеулермен жұмыс істейді. Әлеуметтік желілер бейтаныс қолданушылармен байланысқа қатысты бірқатар функцияларды өшіріп, ата-аналарға бақылау құралдарын ұсынуға міндетті болады.
Сонымен қатар, БАӘ билігі әлеуметтік желілерге пайдаланушылардың жасын тексерудің сенімді жүйесін енгізуді міндеттеді. Бұл үшін компаниялар цифрлық жеке сәйкестендіруді, биометриялық технологияларды және жасанды интеллект негізіндегі құралдарды қолдана алады. Яғни, тіркелу кезінде тек туған күнді көрсету жеткіліксіз болады.
Құжатта кәмелетке толмағандардың деректерін жекелендірілген жарнама мен коммерциялық мақсаттарда пайдалануға да тыйым салынған.
Жаңа талаптардың орындалуын БАӘ-нің мемлекеттік реттеуші органдары қадағалайды. Олар ережелер бұзылған жағдайда платформаларды толық немесе ішінара бұғаттауға дейінгі санкциялар қолдана алады.
Билік компанияларға барлық нормаларды енгізу үшін 12 ай уақыт берді.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым енгізілетінін мәлімдеген болатын. Бұл шектеулер 2027 жылдың басында күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық