Бағалы сыйлық аламын деген қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды

cover Сурет stopfake сайтынан алынды

Адамдар өзара Huawei ұялы телефоны мен басқа да гаджеттерді ұтып алуға болатын сілтемемен бөлісіп әлек. Анықталғандай, компания ешқандай ұтыс өткізіп жатқан жоқ. Ал бақ сынап көруге шақыратын сайт тек фишинг (интернет алаяқтық – ескерту ORDA.) болып табылады. Бұл туралы Stopfake.kz сайты мәлімдеді.

Huawei ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, қымбат сыйлық алуды ұсынатын платформа ресми емес және өндірушімен ешқандай байланысы жоқ екен.

Қазірдің өзінде алаяқтардың құрбанына айналған желі қолданушыларына сілтеме бойынша өту қауіпті.

«Егер сіз пошта немесе WhatsApp арқылы хабарлама алсаңыз, сілтемені ешкіммен бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты - сіздің деректеріңізді ұрлау», - деп жазды басылым.

Фишингтік сайттар жеке шоттарға, төлем ақпараттарына, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу мақсатында жасалады. Фишингті қолдана отырып, шабуылдаушылар өз құрбандарының компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар