Әзірбайжан әскерін Газадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек ретінде жібермекші
Әзірбайжан соғыстан кейін Газа секторының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін Халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамына әскер беруге келісті, деп жазады Orda.kz The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Индонезия БҰҰ мандаты бойынша миссия аясында 20 000 жауынгер жіберетінін мәлімдеп, Халықаралық тұрақтандыру күштеріне әскер беруге жария түрде міндеттелген жалғыз ел.
«Алайда АҚШ басқа елдермен келіссөздер жүргізіп, Әзірбайжаннан осындай міндеттемеге жеке түрде қол жеткізді» деп жазылған мақалада.
Хабарламада айтылғандай, Әзірбайжанның Вашингтон мен Тель-Авивтегі елшіліктері жағдайға түсініктеме беру туралы бірнеше мәрте өтініштерге үн қатпаған.
«Өткен айда БҰҰ Бас ассамблеясының көпжақты кездесуі барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трампқа Анкара да Газаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеген болатын, Бұл туралы жағдайды білетін екі дереккөз хабарлады» деп жазады басылым.
Сонымен қатар, соғыс басталғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы жағдайында Израиль түрік әскерлерінің Газа секторында болуына жол бере ме, жоқ па екені әзірге белгісіз, деп жазылған мақалада.
Қазан айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысына соғыс әрекетін тоқтату жөніндегі бұрын ұсынылған келісімді қабылдауға қатысты «Тозақ отын жаудырамын» деп соңғы ультиматум қойды.
Сәуір айында қозғалыс Газадағы соғысты тоқтатуға, барлық кепілге алынғандарды босатуға және бес жылдық бітімгершілік орнатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық