AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
Фото: lent.az
2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың тағы бір жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Lent.az мәліметінше, Нурулла Сираджов бүгін таңертең өз үйінде қайтыс болған. Өткен жылы Сираджов жұбайымен бірге AZAL әуе рейсімен Грозныйға ұлына барып, онкологиялық ауруына байланысты ота жасатпақ болған. Алайда әуе апатына байланысты ота жүзеге аспады. Ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Нурулла Сираджов алған жарақаттарынан айығып шыққанымен, қатерлі ісікті жеңе алмады.
Еске салайық, AZAL әуе компаниясының Embraer-190 ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау порты маңында апатқа ұшыраған еді. Әуе кемесінде 67 адам болған, олардың 38-і, соның ішінде Қазақстанның алты азаматы қаза тапты.
Еске сала кетейік, осы ерлі-зайыптылар туралы жазған едік. Әуе апатынан кейін ұзақ уақыт бойы жұбайы Муслимат Сираджовамен байланыса алмаған Нұролла Сираджов палатаның босағасында тұрып, әйеліне қарап көзіне жас алды. Ұшақ апатынан аман қалған жолаушы Ресей жасырған шындықты айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық