Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы Ресей жасырған шындықты айтты
Фото: report.az
Ақтауға маңында болған ұшақ апатынан аман қалған жолаушы көзімен көрген жағдайды баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Oxu.Az порталының мәліметінше, Нұролла Сираджов апаттан аман қалғанына әлі сенбейді. Бортта әйелін барынша сабырға шақырғанымен, өзінің бойын қорқыныш билеп тұрыпты.
«Мен әйеліммен бірге Грозныйда тұратын ұлыма бара жатқан едім. Ұшақ алғаш рет соққыға ұшырағанда, аяқ астымнан оттың жалынын сездім де, жарақат алдым деп ойладым. Әйелімді сабырға шақыруға тырыстым. Бірақ өзімде үрей басым болды. Белдікті шешіп, аяқ астына қарағанымда ұшақтың едені бүтін еді. Мен қайтадан орныма отырдым. Сол кезде ұшақтың артқы бөлігіне айтарлықтай қатты соққы тиді. Бортсеріктер жолаушыларды сабырға шақырып, Грозныйға қонатынымызды айтты», – дейді Сираджов.
Жолаушы ұшақтың төмендеп келе жатқанын көріп, жерге қонатындығына сенімді болыпты.
«Мен біз қонуға жақындағанымызды, әуежай ғимаратын, жолақтарды, ұшақтарды көрдім. Он қабатты ғимараттан төменге қарағандай елестетіңіз. Біз жерге өте жақын болдық. Қонатынымызға сенімді едік», – дейді ол.
Бірақ дәл сол сәтте ұшақ қайтадан жылдамдық алып, көкке көтерілген екен.
Еске салайық, Нұролла Сираджов - ұшақ апатынан аман қалғандардың бірі. Ол апаттан кейін әйелінен көз жазып қалған. Бірақ бірнеше күннен кейін жұбайының аман-есен екенін білді. Ерлі-зайыпты өткен аптада апаттан кейін алғаш рет қауышқанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық