Қазақстанда саяси лауазымы бар әйелдер көп

cover

Саясаттағы әйелдер саны бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 193-тен 104-орынға ие болды, деп хабарлады Orda.kz.

Рейтингті Коста-Рика, Руанда, Исландия, Швеция және Финляндия ашады. ЕАЭО елдерінің ішінде Қазақстан Беларуссиядан ғана төмен (әлемде 49-шы орын, ұпай - 38). Қазақстан тізімде Армения, Қырғызстан мен Ресейге қарағанда жоғары болып шықты, деп хабарлады Finprom.kz.

Қазақстан Республикасындағы саяси паритетті бағалау 22 баллды құрады. Мемлекетке берілуі мүмкін ең төменгі балл - 0, ең жоғары - 100 (бұл әйелдердің елдегі саяси маңызды лауазымдардың кем дегенде 50%-на ие екенін білдіреді).

– Биылғы сәуір айының басында еліміздің 17 облыс әкімдерінің арасында тек Қызылорда облысын әйел адам басқарады. 17 министрліктің ішінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің басында әйелдер отыр, - делінген мәтінде.

2020 жылдың төртінші тоқсанында 491,5 мың адам мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Әйелдердің үлесі 39,6% ғана құрады, немесе 194,7 мың адам, оған жылына 4% қосылды.

ТОП-3 аймақтарына Алматы және Павлодар облыстары да кірді. Басқару қызметіндегі барлық әйелдердің ең аз бөлігі Ақтөбе облысында жұмыспен қамтылды (тек 27,3%).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар