Қазақстанда оқушылар арасында коронавируc сырқаты өсуде

cover

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте еліміздегі коронавирус ауруының оқушылар арасында жиілеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі. Марат Шоранов жалпы оқу жылының басынан бері 3658 оқушының коронавирустық инфекциямен ауырғанын айтты.

«Мектеп оқушылары арасында аурушаңдық өсуде. Жалпы, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 3658 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 994 - кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында. Бұл желіден тыс білім алушылардың жалпы санының 0,1% құрайды. КВИ жұқтырған 2664 бала қашықтықтан оқытылуда», - деді ол.

 Маман балалардың Covid-19 инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында жаңа оқу жылы онлайн форматта басталғанын атап өтті.

Бастапқыда 1-4 сынып оқушыларына кезекші сабақ режимінде оқуға рұқсат етілді. Бұл олардың оқу материалын өз бетінше игеру дағдыларын толық меңгермегендігінен болды.

Кейіннен бұл мүмкіндік 5 сынып оқушыларына, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін берілді.

Үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар үшін аралас оқытуды (9, 11, 12 сынып оқушылары туралы), сондай-ақ оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін күндізгі оқытуға рұқсат беру жоспарланып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар