Ауылдасын айуандықпен өлтіріп, мәйітін ауласына көмген түркістандық сотталды
Фото: Orda.kz
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауылдасын азаптап өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетісай ауданы Алғабас ауылында 38 жастағы Әйгерім Әжікееваны зорлап, кейін азаптап өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған Ералхан Төреханов 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 27 жастағы жігіт жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Сотталушы айыпты мойындағанымен үкіммен келіспеді.
Судья марқұмның анасы Мейрамгүл Бердіәлиеваның азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оған сотталушыдан 10 млн теңге көлемінде моральдық залал өндірді. Сотталушыға моральдық залалды 1 ай ішінде төлеу міндеттелді.
Сот жаза тағайындау кезінде оның бұрын сотты болғаны, қылмыс жасауды қайталағаны ескерілгенін атап өтті. Айта кетейік, 2004 жылы Мақтаарал аудандық соты Төрехановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, стационарлық-психиатриялық ауруханаға еріксіз емдеуге жіберген. 2013 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Марқұм Әйгерім Әжікееваның азапты өлімі мен қанды қылмыс жайында Orda.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық