«Жерден мүрденің қолы көрінді»: Ауылда әйелді көміп тастаған күдіктінің бұрын екі кісіні өлтіргені белгілі болды
Фото: Orda.kz / Назерке Еркінбекқызы
Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғындары көшеге шығудан қорқып отыр. 8 ақпанда ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылған. Кейін оның сол ауылдың тұрғыны, 38 жастағы Әйгерім Әжікеева екені анықталды. Кісі өлтіру ісіне көршісі күдікті ретінде танылып, қамауға алынған. Алайда Әйгерімнің туыстары қылмысқа бір ғана адам емес, бірнеше адам қатысқан деп санайды. Orda.kz тілшісі Алғабас ауылына барып, ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтты.
Туыстарының айтуынша, Әйгерім 20 қаңтар күні үйінен шығып, дүкеніне тауар алуға кеткен. Содан бері хабарсыз жоғалған. Алғаш болып дабыл қаққан анасы Мейрамгүл Бердалиева болыпты.
«Екі сағат өтті, Әйгерім әлі үйге қайтпады. Жүрегім бір жамандықты сезгендей, бірден іздей бастадым. Кейін басқа балалар да қосылып, ауруханаларды, зираттарды аралап шықты... Әйгерім ешқашан ескертусіз кетпеген. Сол кезде-ақ көршісінен күмәндана бастадық. Ол бұрын екі рет адам өлтіргені үшін сотталған. Бірден полиция шақырып, үйіне бардық. Бірақ ол ештеңе білмегендей, өзін ақтап шыға келді. Ал ертесіне ғайып болды», — деді марқұмның анасы.
Екі аптадан кейін күдіктінің туысы полицияға хабар беріп, үйлерінің ауласындағы жерден мүрденің қолы шығып тұрғанын айтқан.
Оқиға орнына келген тергеушілер ат байлайтын жерде шөппен жабылған шұңқырды тапқан. Сол жерден Әйгерімнің денесі табылған. Жалаңаш, аяусыз азапталғаны анық байқалған.
«Тісін тісіне басып, қатты қысып алған, түрін тану мүмкін емес. Бәрі ісіп кеткен. Құлағынан қан ағып тұрды, қолдары тілінген, арқасы көкала. Қызымды жай ғана өлтірмеген. Азаптап, зорлаған. Үстінде бір киім болмады. Сол күні, денесін тапқан кезде, жоғалып кеткен көрші ауылға қайта келді. Өзі келіп, кінәсін мойындады», — деді марқұмның анасы.


Туыстарының айтуынша, күдікті бұл қылмысты жалғыз өзі жасамаған. Куәгерлер Әйгерімді соңғы рет ауыл дүкенінің маңында үрейлі күйде көрген. Сол кезде жанында күдікті мен тағы бірнеше ер адам жүрген. Отбасы дүкенге орнатылған бейнебақылау камераларының жазбасына әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр.
«Тергеуге қатысты көп сұрағымыз бар. Камера жазбасын бізге көрсеткен жоқ. Әйгерім сол үйге өзі барғандай. Ал күдікті оны жай тұншықтырып өлтірдім деп отыр. Бірақ біз оның денесін өз көзімізбен көрдік — денесі көгеріп-соғылған, қолдары тілінген, басы мен мойны ісіп кеткен. Мұны бір ғана адам істей алмайды ғой?», — деді марқұмның әпкесі Ұлтуар Әжікеева.
Әйгерімде жоғалған күні 420 мың теңге болған. Бірақ денесі табылғанда не ақшасы, не киімі болмаған. Тергеу барысында күдіктінің он жыл бойы Әйгерімнен ақша бопсалап келегені, кейде қыз несие алып, соны төлеп отырғаны белгілі болды.
«Қызымның табысы тұрақты еді. Үй жанындағы дүкенді жүргізіп, көкпарға арналған тауарлар сатқан. Еңбекқор, өз ісіне жауапты болатын. Бар тапқанын неге сол адамға беріп жүргенін әлі күнге түсіне алмаймыз. Тергеудің барысына көңіліміз толмайды», — деді анасы


Туыстары күдіктінің тағы да жазадан құтылып кетуінен қорқады. Бұл — оның алғашқы ауыр қылмысы емес. Отбасының айтуынша, ер адам бұған дейін екі кісі өлтіргені үшін сотталған, бірақ екі жағдайда да мерзімінен бұрын босап шыққан.
«Бір кездері қорғансыз жетімді өлтіріп, бар болғаны жеті жыл отырды. Кейін тойда тағы бір ер адамды өлтірді. Сол үшін үш жыл ғана алды. Одан бүкіл ауыл қорқады. Қазір ол Әйгерім қарызын қайтаруды талап еткені үшін өлтіргенін айтып отыр», — деді марқұмның апасы.
Түркістан облыстық полиция департаменті бұл қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберілетінін хабарлады.
«Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс жақын күндері сотқа жолданады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі.
Әйгерім Әжікеева — тұрмыс құрмаған әйел болған. Оның ата-анасы — ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар жандар. Олар тек қызынан ғана емес, отбасының жалғыз асыраушысынан айырылып отыр.
Еске сала кетсек, Orda.kz осы оқиға жайлы жазған болатын.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық