Ауыл бағдарламасы: малшылар ерте зейнетке шығып, балалары тегін оқып, әскери қызметтен босатылады
Фото: Игорь Улитин, Orda.kz
Қазақстан Үкіметі шопандар мен малшылардың зейнеткерлік жасын төмендету мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы депутаттық сауалға жауап ретінде сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шара президенттің тапсырмасымен әзірленіп жатқан 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын қолдау мен дамытудың жаңа кешенді жоспарының бір бөлігі.
Құжатқа сондай-ақ ауылдық жердегі жұмыскерлерге әлеуметтік жеңілдіктер енгізіліп, малшылардың балаларына тегін жоғары білім және әскери қызметтен босату ұсынылады.
Министр атап өткендей, мемлекет ет саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, субсидиялау тетіктері жетілдірілуде, жеңілдікті несиелеу бағдарламалары жылына 2,5-5% -ға кеңейтілуде, фермерлерді бірыңғай өндірістік тізбектерге біріктіретін австралиялық технология бойынша «ет кластерлері» іске асырылуда.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар зейнеткерлік жасын төмендетуді талап еткен болатын. Шілде айында Павлодар ТЖД қызметкерлері жас өткен сайын жақсы дене дайындығына қарамастан, ауыр және қауіпті жұмысты атқару қиындап бара жатқанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, құтқарушылардың зейнетке шығуы үшін оңтайлы жас - 55 жас.
Былтыр «Анам сатып жіберді» деп зар еңіреген құлдықта болған малшы мен баласының ауыр тағдыры туралы жазғанбыз.
Биыл Жамбылда малшы қожайынның малын сатып, құмар ойынына салып жіберді.
Биылғы жазда мал бағуға шыққан ауыл тұрғынының кезекті жұмыс күні қайғылы оқиғамен аяқталды. Ер адам жергілікті тұрғындардың малын бағумен айналысқан. 31 мамыр күні сағат 17.00-де малшының үстіне жай оты түсіп, ол сол жерде жан тәсілім етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық