«Анам сатып жіберді»: құлдықта болған малшы мен баласының ауыр тағдыры
Фото: Видеодан алынған кадр
Жамбыл облысында ер адам 14 жыл құлдықта болған. Қожайыны малшының баласын балалар үйіне өткізіп жіберген, деп хабарлайды Orda.kz «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Рая Алтынбекқызы күйеуінің інісі құлдықта болғанын айтты. Әжімұрат Жанболатов 14 жылдан кейін Байзақ ауданынан табылды. Мектеп оқымаған, хат танымайтын азамат жылдар бойы қожайынынан қорлық көрген.
«Ауыл-ауылды іздедік. Жоқ. Кімнің алып кеткенін білмейміз. Оны үйінен ұрлап алып кеткен. Қайным малшы болды. Әйелі, 2 баласы болды. Менің інімнің қол астында істеді. Мүмкін інім айлықты аз төлеген шығар. Қайнымды алып кеткен адам оны азғырады. Қайнымның ойы бұзылады. Кейін жаңағы адам түнде қайным мен оның 6 жастағы баласын алып кетеді. Сол кездері әйелімен ажырасып, балаларды да екіге бөлген», - деді әйел.
Рая Алтынбекқызы 6 жасар баланың қайда екенін білмей отыр. Айтуынша оны балалар үйіне өткізіп жіберген.
Студияға Әжімұрат Жанболатов та келді. Ол жылдар бойы қой баққанын алға тартты. Тіпті қожалық иесі күніне бір мезгіл ғана тамақ береді екен. Бастығының ұрғанын, жағасына жармасқанын да айтты.
«Мені Манатбек алдап алып кетті. Ақша беремін, үй алып беремін деп. Бірақ ешқандай ақша төлеген жоқ», - дейді ер адам.
Әжімұрат Жанболатов үйінен жанына ұлын ертіп кеткен. Бірақ сол бала із-түзсіз жоғалған.
Ал Манатбек Әжімұратқа баламдай қарадым деп отыр. Ол малшының баласын ешқашан көрмегенін айтты.
«Бала деген «бәле» жоқ. Болған да жоқ. Қара басы келді тек. Баланы көрген жоқпын», - дейді қожайыны.
Әжімұрат Жанболатов қой бақса, оның 6 жасар баласы сиыр соңына түскен. Кейін Әжімұрат баласын оқыту үшін қожалық иесіне өтініш жасайды. Манатбек баланы оқуға алып кеткен. Әкесі содан кейін ұлын көрмепті. 2006 жылғы Бауыржанды Манатбек балалар үйіне өткізген болып шықты. Кейін бала Жуалы білім орталығына орналасқан. Артынша туыстарына қайта барған. Бауыржан жылдар өте анасымен қауышқан. Бірақ анасы балаға немқұрайлы қараған. Тіпті анасының өзімен кеткен баланы да жоғалтып алғаны белгілі болды.
«Көреміз» редакциясы баланы тапты. Бауыржан қазір 18 жаста. Өз білімімен оқуға түскені белгілі болды. Студияда ол ата-анасын көріп, көзіне жас алды. Ол жас кезінде қожалық иесінен қорлық көргенін, оның қамшымен ұрғанын айтты.
Ол бағдарламада «анам мені сатып жіберді» деп сұмдық ақпараттың бетін ашты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық