Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
Фото: Orda.kz
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Алматы облысындағы Алтын Орда базары аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруда бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кейбір жағдайларда сауда үстемесі 85 пайыздан асып кеткен.
Министрліктің мәліметінше, «Омаров» ЖК, Iceberg Distribution ЖШС және «Ар Диас» ЖШС әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмен бағамен сатып алып, оларды басқа сауда субъектілеріне 17%-дан 86%-ға дейін негізсіз үстемемен қайта сатқан.
Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша заңбұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды.
Жалпы, Сауда министрлігінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде бір сауда желісі, бір көтерме сауда алаңы және 11 сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 40%-дан 203,8%-ға дейін негізсіз үстеме қосқаны анықталған.
Сонымен қатар, өңірлік комиссия «Алтын Орда» базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде жеткізу тізбегінен 7 тиімсіз делдалды алып тастаған.
Мемлекеттік кірістер органдарынан алынған электронды шот-фактураларды талдау барысында да әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатумен айналысатын бірқатар ірі сауда субъектілерінде заңбұзушылықтар анықталғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық