Алпауыттардың Алтын Орда үшін шайқасы
Фото: Orda.kz
Жақында Алтын Орда базарының тең жартысын алып отырған, Данияр Әлпиевтің әйелі Алма Әлпиева жұбайына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жолдады. Данияр Әлпиевтің жұбайының сөзінше, базарды алу үшін түрлі айла-шарғы жасалып жатыр. Ол жариялаған бейнеүндеуге наразы адамдар бүгін Алтын орда базарына жиналды.
«Менің қайын атам Әлпиев Алтынбек Алтын Орда базарының негізін қалады. Нәтижесінде оны аяусыз өлтірді. Оның мұрагері жолдасым Данияр Әлпиев. 2012 жылы Болат Назарбаев жұбайымды бопсалап, базарды тартып алды. Қаңтар оқиғасынан кейін сіздің қолдауыңыздың арқасында базарды қайтарды. 2022 жылы мамырдың 22-сі Экономикалық зерттеу орталығының басшысы Еркебұлан Хамзин, жолдасыма президент нұсқауымен келіп базардың 20 пайызын ұсынды. Базарды қайтарып алғаннан кейін, менің жұбайым базарға үлкен үлес қосты. Базарда дұрыс тәртіп орнатып, жағдай жасала бастаған соң, Еркебұлан Хамзин базарға кіруге тыйым салды», – деп отыр Алма Әлпиева.
Алма Әлпиеваның сөзінше, Еркебұлан Хамзин базарға күзет қойып, Алтын Орда базары басшысына базарға кіруге тыйым салды.
«Менің жұбайыма кәсіпкер-саудагерлерден ақша жинады және Алтын Орданың 3-павильонының құрылысымен айналыспады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Шын мәнінде ол бар ақшаны банк арқылы салықтарға төлеп, іргетасын қалап, бірінші қабатының қаңқасын көтерді. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Ондағылар базардан бас тарту жайлы келісімге келуін талап етіп отыр. Хамзиннің адамдары арнайы күзет жалдап жұбайымды базарға кіргізбей қойды. Қазір уақытша қамау изоляторында жатқан күйеуіме белгісіз адамдар кіріп, базардан бас тартуын талап етіп жатыр. Белгісіз адамдар балаларыма бірдеңе істейміз деп қорқытып жатыр. Алматы облысының прокуратурасы және полиция басқармасы қолдан жасап күйеуіме тікелей қарсы іс қозғап жатыр», – деді Алма Әлпиева.
Ал Данияр Әлпиевтің ісіне прокурор Берік Адамов пен полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленов жауапты болып отыр. Алма Әлпиеваның сөзінше, Еркебұлан Хамзин бұл екі адаммен қарым-қатынасы өте жақын екенін айтып мақтанды. Сондықтан ол әділ өтетініне күмәнданып отыр. Сондай-ақ, өз сөзінде «әлеуметтік желіде арандатушылар мен базарда істемейтін адамдар сұхбат беріп жүр» деген болатын. Сондай-ақ, «300 адамды жаңа павильонда орын бермей қоямыз деп қорқытып, осы наразылық білдіруге әрекеттендіріп отыр» деді.
Бүгін сол 300 адамның атынан Әлпиевке және оның жұбайының «арандатушы» деген сөздеріне наразы болып, 30 шақты адам базарда жиналды. Алтын Орда базарында жиналғандар 300-ге жуық саудагердің расымен салымшы екенін, төлемақы төлегендерін, келсім-шартқа отырғандарын айтты.
Негізі, адамдардың жиналған тағы себебі — Алма Әлпиеваның базарда бұрыннан істеп келе жатқан Гүләйым Мақашеваны интернет желісінде салымшы емес, «арандатушы» деп көрсеткені болып тұр. Жиналған адамдар өздерінің кәсіпкер-саудагер ретінде осы павильонның құрылысына қомақты қаржы құйғандарын айтты. Олардың кейбірі осы құрылысқа ақша құямын деп үйлерін кепілге қойып, несие алып, қарызға батып қалғанын жеткізді. Ал құрылыс ақшасын жинаған кассир Маржан Есжанова жұрттың сөзінше Қырғызстанда жүр.
Саудагерлердің нақты талаптары:
- 1. Алма Әлпиева әлеуметтік желілерде бізді салымшы емес, арандатушы деп қаралауды тоқтатсын;
- 2. Осының бәріне жауапты кассир Маржан Есжанова ұсталсын;
- 3. Құрылысқа деп жинаған бар ақшаны Данияр Әлпиев қайтарсын деп отыр.
Бір жыл бұрын осы мәселеде «Алтын Орда» баспасөз орталығында баспасөз мәслихаты өткен болатын. Құрылыс мәселесін «Компания номер один» ЖШС басқарушы компаниясы «Прайм Строй XXI» ЖШС құрылыс компаниясымен бірге жаңа сауда кешенінің құрылыс жұмысын өз жауапкершілігімізге аламыз деді. Құрылысты осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтауды жоспарлады. Алайда құрылыс сауда орталығының қаңқасы ғана тұр. Саудагерлер құрылыс уақытында бітпейді деп қауіптенеді.
Наразылық білдірген алаңға Данияр Әлпиевтің адвокаты келіп түсініктеме берді. Ал Данияр Әлпиев қазіргі таңда уақытша қамау изоляторында отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық