Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
Фото: medical-training.ru
Атырауда «Алтын алқа» иегері әкімдіктің Telegram-арнасында облыстық балалар ауруханасында сүндетке отырғызу отасының бағасы шарықтап тұрғанына шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап.
Көпбалалы ананың айтуынша, медициналық мекемеде бір баланы сүндетке отырғызу үшін 25 500 теңге сұраған. Отбасында егіз ұл болғандықтан, оларға жеңілдік ретінде бір балаға 18 000 теңге ұсынған. Алайда атыраулық әйел жалпы 36 000 теңге көпбалалы отбасы үшін ауырлық қылатынын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде сүндеттеу құны жеке клиникаларға қарағанда арзанырақ. Бірақ табысы төмен отбасылар үшін бұл мүмкіндік те қиынға соғады.
«Үйде тек күйеуім ғана жұмыс істейді. Баға күн сайын шарықтап жатқанда, мен мұндай қаражатты қалай төлеймін? Балаларымның денсаулығына алаңдаймын», — дейді көп балалы ана.
Әкімдік өкілдері сүндетке отырғызу бағасы медициналық құралдар мен шығын материалдарының қымбаттауына байланысты екенін атап өтті.
Айта кетейік, мамырда Павлодарда баланы сүндетке отырғызамын деп денсаулығына ауыр зиян келтірген хирургке қатысты сот шешімі шыққан еді. Сот дәрігерге бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау орнатты. Сонымен бірге ол қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық